1-ші Қазақстан-Испания форумы: екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары

1-ші Қазақстан-Испания форумы: екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары

Бүгін Астана қаласында 1-ші Қазақстан-Испания форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов және Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің Сыртқы және жаһандық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары екі ел арасындағы белсенді экономикалық ынтымақтастықты атап өтті. Airbus, Maxam, Talgo, Técnicas Reunidas, Glovo, Roca және Inditex сияқты көптеген жетекші испан компаниялары  ел нарығында табысты түрде орнығып алды.

Арман Исетов көлік пен логистикадан бастап жаңартылатын энергия көздеріне, цифрлық технологияларға, су ресурстарын басқаруға, озық өндіріске және агробизнеске дейінгі ынтымақтастықтың перспективалы салаларын атап өтті. 

«Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық көпір ретінде әрекет етеді, ал Испания инфрақұрылым, инновация, тұрақты даму, туризм және өнеркәсіпті жаңғырту салаларында халықаралық деңгейде танылған тәжірибені әкеледі», – деп қосты министрдің орынбасары.

Құттықтау сөздерін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Әсел Суанкулова және Casa Asia бас директоры Хосе Пинтор Агилар сөйледі.

Өткен жылы Қазақстан мен Испания арасындағы сауда айналымы 1,93 миллиард АҚШ долларын құрағанын атап өткен жөн. 2005 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Испаниядан шамамен 345 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартты. Сонымен қатар, Қазақстанда 35 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Іс-шараға «Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған стратегиясы: Қазақстан мен Испанияның рөлі», «Қазақстан мен Испания арасындағы тұрақты қалалық инфрақұрылым, логистика және іскерлік ынтымақтастық» және «Туризм және спорт: Қазақстан мен Испаниядағы озық тәжірибелер мен қазіргі қиындықтар» тақырыптарында үш панельдік сессия кірді. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Дәурен Әбен, Maqsut Narikbayev University Халықаралық қатынастар және бастамалар жөніндегі басқарма төрағасының кеңесшісі Мирас Жиенбаев, Қазақстан тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы төрағасының орынбасары Макка Шынгазыева, Қазақстан футбол федерациясының стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Аян Әлжанов, «Kazakh Tourism» ҰК» маркетинг және халықаралық нарықтар департаментінің директоры Айнұр Жұматаева, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ елдік менеджері Әнел Турашева.

Испания тарапынан спикерлердің қатарында Elcano Royal Institute аға ғылыми қызметкері және Complutense University of Madrid профессоры Ана Бальестерос Пейро, LASEI-UAM директорының орынбасары/халықаралық қатынастар жөніндегі жетекшісі Хесус Гил Фуэнсанта, Roca Group компаниясының институционалдық қатынастар жөніндегі аға басқарушы директоры Пау Абельо, IDOM компаниясының логистика және операциялар жөніндегі директоры Йауме Мас, Қазақстандағы «Атлетико Мадрид» академиясы жобасының басшысы Хавьер Гонсалес Бомон, Mas Boronat Wine Resort компаниясының бас директоры және серіктесі, Eurecat – Каталония технологиялық орталығының туризм инновациялары бойынша шеберлік орталығының басшысы, БҰҰ және Люцерн қолданбалы ғылымдар және өнер университетінің оқытушысы Игнасио де лас Куэвас болды.

Форум туризм, спорт және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың болашағына бағытталды. Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты серіктестікті дамыту үшін белсенді диалогты жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді