Қазақстан мен Испания алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуда көшбасшылықты нығайтуда

Қазақстан мен Испания алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуда көшбасшылықты нығайтуда

Мадрид, 2026 ж. 28 сәуір – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мадридке жұмыс сапары аясында Испания Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Хавьер Падилья Бернальдеспен кездесу өткізді.

Тараптар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын, әсіресе медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту, аурулардың алдын алу және денсаулық сақтау жүйесін басқару модельдерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

МСАК бойынша Жаһандық коалиция аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы Испанияның Коалицияға 26-шы қатысушы мемлекет ретінде қосылғаны үшін алғыс білдіріп, тәжірибе алмасу мақсатында испан әріптестерін Қазақстанға шақырды.

Қазақстан мен Испания МСАК-ты дамытуда жетекші орын алатыны атап өтілді. Атап айтқанда, Қазақстандағы ДДСҰ-ның алғашқы демонстрациялық платформасымен қатар, қазіргі уақытта Испания мен Швецияда осындай алаңдар жұмыс істейді.

Қазіргі таңда МСАК бағыты бойынша практикалық ынтымақтастық дамып келеді, оның ішінде бірлескен техникалық сессиялар өткізу және сараптамалық білім алмасу жүзеге асырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара қызығушылықтарын растады.