Қазақстан мен Испанияның денсаулық сақтау министрліктері ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізді

Қазақстан мен Испанияның денсаулық сақтау министрліктері ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізді

Астана-Мадрид, 2026 ж. 16 сәуір. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Испания Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі арасында онлайн-кездесу өтті. Кездесу ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Рустемованың Испанияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдер аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тараптар профилактикалық медицина, отбасыларды қолдау және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) нығайту бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қазақстан тарапы Испанияның профилактикалық бағдарламаларды енгізу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және балалар денсаулығын қолдаудың заманауи тәсілдері бойынша тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.

МСАК-ты тұрақты денсаулық сақтау жүйесінің негізі ретінде дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар Испания қосылған МСАК бойынша Жаһандық коалиция аясындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және сараптамалық диалогты жалғастыруға өзара қызығушылық расталды.