Қазақстан мен Испания жаңа мәдени күн тәртібін талқылады

Қазақстан мен Испания жаңа мәдени күн тәртібін талқылады

Мадрид, 2026 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Халықаралық даму саласындағы ынтымақтастық агенттігінің (AECID) директоры Антон Лейс Гарсиямен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени және білім беру ынтымақтастығының жаңа кезеңін бастау мәселесі болды.

Келіссөздер барысында тараптар дәстүрлі мәдени форматтар шеңберінен шығатын және Қазақстан мен Испания арасындағы, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Ұзақ мерзімді мәдени дипломатияның тиімді құралы ретінде тілдік және білім беру жобаларына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жобаларды іске асыру және оларды бірлесіп қаржыландыру тетіктері, бейінді институттардың қатысуы, сондай-ақ семинарлар, білім беру бағдарламалары мен академиялық форумдар сияқты бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдениет, білім беру және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы ортақ құндылықтар мен стратегиялық көзқарасқа негізделген серіктестікті дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Анықтама: 2021 жылғы 5 шілдеде Мадрид қаласында AECID пен KazAID арасында ресми даму көмегі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат екіжақты ынтымақтастықтың қолданыстағы негіздемелік тетігі болып табылады.