Қазақстан мен Андорра парламентаралық диалогтың жаңа форматын іске қосты

Қазақстан мен Андорра парламентаралық диалогтың жаңа форматын іске қосты

Астана – Андорра-ла-Велья, 2026 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан мен Андорраның парламентшілері онлайн-отырысын өткізіп, оның барысында екі екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын, сондай-ақ заң шығару органдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 18 жыл толуымен тұспа-тұс келген кездесудің символдық мәнін атап өтіп, өзара ықпалдастығының дәйекті түрде дамып келе жатқанына ерекше мән берді. Сондай-ақ өткен жылдар ішінде Қазақстан мен Андорра арасында бірқатар бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жолға қойылғаны айтылды. Осыған байланысты парламентшілер әріптестіктің жаңа перспективалық салаларын айқындап, оларды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Сұхбаттасушылар парламентаралық байланыстар екіжақты қатынастарды нығайтудың және саяси диалогты тереңдетудің маңызды тетігі болып табылатыны жөнінде ортақ пікірге келді. Сонымен қатар халықаралық және парламентаралық ұйымдар аясында бастамаларды өзара қолдау, сондай-ақ заң шығару саласындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осы тұрғыда қазақ делегациясы елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, оның ішінде конституциялық реформа, сондай-ақ бірпалаталы Парламентке құру бастамасы туралы ақпарат берді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты диалогты қолдау және үйлестіруді жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Анықтама: Қазақстан мен Андорра арасындағы дипломатиялық қатынастар 2008 жылғы 30 қаңтарда орнатылды.