
Барселона қ., 2026 жылғы 16 қаңтар – Барселона қаласында Қазақстан Республикасының Консулы Әмір Сұлтанғожин мен Каталония Үкіметінің сыртқы істер және Еуропалық одақ мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жауме Дук арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптардың практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екені расталып, екіжақты күн тәртібіне жаңа серпін берілді.
Келіссөздер барысында консулдық мәселелермен қатар, Қазақстандағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және инвестициялар тарту перспективалары талқыланды. Қазақстан мен Каталонияның іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнатуға қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.
Қазақстан тарапы елде жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауында айқындалған басымдықтар туралы жан-жақты ақпарат берді. Жүргізіліп жатқан өзгерістер шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, өнеркәсіп, технологиялар және инновациялар салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге бағытталған бірлескен іскерлік іс-шаралар мен таныстырылымдар өткізу жоспарлары қаралды.
Анықтама: Каталония Испанияның жалпы ішкі өнімінің шамамен 19 %-ын құрайды және ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Аймақ Испанияның өнеркәсіптік өндірісінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді. Негізгі салаларына химия және фармацевтика өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, автокөлік жасау, сондай-ақ жоғары технологиялар мен инновациялар жатады.