
Мадрид, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында кездесу өткізді.
Сұхбат барысында қазақ дипломаты қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруда жастардың айрықша рөл атқаратынын баса айтты. Сондай-ақ ол жас ұрпақтың демократиялық институттарды нығайтуға, адам капиталын дамытуға, сондай-ақ ашық әрі әділетті қоғам құндылықтарын ілгерілетуге белсенді атсалысуының маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде студенттер көрсетілген ықылас пен жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта бірлескен бастамаларды іске асыру жөніндегі ұсынысты қолдайтындарын жеткізді.
Іс-шара соңында Елші қатысушыларға оқуда және кәсіби қалыптасу жолында табыс тілеп, олардың Қазақстанның заманауи әрі бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы үлесін атап өтті.