Мадрид, 2025 ж. 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшісі Данат Мұсаев Испания Бас прокуратурасының халықаралық қылмыстық ынтымақтастық жөніндегі прокуроры Франсиско Хименес-Вильярехо Фернандеспен кездесу өткізді.
Кездесу барысында халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, оның ішінде екі мемлекеттің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл және құқықтық көмек саласында күш-жігерді одан әрі үйлестірудің ықтимал бағыттары талқыланды.
Жұмыс байланыстарын тұрақты қолдаудың, соның ішінде өзара сапарларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар өзекті бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін растады.