Мадрид, 2025 жылғы 21 шілде – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Рафис Абазовтың Испанияға іссапары аясында Мадридтегі Комплутенсе университетінің (Universidad Complutense de Madrid) проректоры Мария Росарио Кристобальмен, сондай-ақ UNIE университетінің ректоры Сегундо Пирис Дуранмен екіжақты кездесулері өтті.
Кездесу барысында ҚазҰАЗУ мен испан университеттері арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, оқу мазмұнын сәйкестендіру, тілдік үйлесімділік, кәсіби тәжірибе ұйымдастыру, сондай-ақ Еуропалық Одақ қаржыландыратын ғылыми жобаларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.
Тараптар профессорлар мен студенттер алмасу, сондай-ақ тұрақты даму тақырыбындағы бірлескен зерттеулерді дамытуға да қызығушылық білдірді.
Сапар ҚазҰАЗУ мен Испанияның жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті жаңа сапалы деңгейге шығаруға бағытталған маңызды қадам болды.