Қазақстан Елшісі Сервантес институтымен бірлескен жобаларды талқылады

Қазақстан Елшісі Сервантес институтымен бірлескен жобаларды талқылады

Мадрид, 2025 жылғы 17 шілде – Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев Сервантес институтының директоры Луис Гарсия Монтеромен кездесу өткізді.

Жылы әрі мазмұнды диалог аясында тараптар білім, мәдениет және тіл алмасу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени жақындасу мен академиялық диалогты кеңейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде алғашқы қазақ-испан сөздігін шығару ұсынылды.

Тараптар тұрақты әріптестікті дамытуға өзара мүдделілік білдіріп, Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған нақты жобаларды іске асыруға дайын екендерін растады.