Мадрид, 2025 ж. 16 шілде – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Мадрид Автономды Қауымдастығының цифрландыру жөніндегі министрі Мигель Лопес Вальвердемен кездесті.
Елші жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Мадридтің цифрлық трансформациядағы, атап айтқанда цифрлық платформалардың іске қосылуы, жасанды интеллектті дамыту және киберқауіпсіздікті күшейтудегі елеулі жетістіктерімен құттықтады.
Кездесу барысында тараптар цифрландыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылады. Елші мадридтік тарапты 2025 ж. 2-4 қазанда Астана қ. өтетін «Digital Bridge-2025» халықаралық форумына қатысуға шақырды. Форумға 100-ден астам елден 10 мыңнан астам делегат пен 1 мың спикер қатысады деп күтілуде.
Тараптар практикалық цифрлық ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік бар екенін растады.