Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің (бұдан әрі – ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі) Ұлыбританияның бірқатар аймақтарына баруға қатысты ұсынымдары.
Болмыш елдегі бірқатар өңірлеріндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Ротерхэм, Болтон, Блэкпул, Халл, Бристоль, Сток-он-Трент, Белфаст, сондай-ақ Манчестер және Ливерпуль қалаларының маңындағы қалаларға осы өңірлердегі жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша барудан бас тартуды ұсынады.
Қазіргі уақытта аталған елді мекендердегі Қазақстан азаматтарынан қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігімен байланыста болуды сұраймыз.
Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Ұлыбритания аумағындағы ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін шұғыл байланыс желілері бар.
ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің байланыстары
+44 7900 511 535 (шұғыл ұялы телефон)
Эл. пошта: consul@kazembassy.org.uk