Дәстүрлі садақ ату

Дәстүрлі садақ ату

Жарыстар ерлер арасында және әйелдер арасында өткізіледі.

Дәстүрлі садақ ату жарыстары келесі қашықтықтарда өткізіледі:

  • 30 м – қазақ нысана жамбысы (әйелдер мен ерлер);
  • 60м (әйелдер) 70м (ерлер) – түріктің пут нысанасы;
  • қалқан нысанасы (50 м. әйелдер 60 м. ерлер);
  • командалық жамбы – 30 м (команда құрамы 3 ер, 2 әйел).

Салтанатты шараларда жарыстарға қатысатын барлық спортшылар дәстүрлі киім киеді.

Халықаралық жарыстарда команданың бірыңғай дәстүрлі командалық киімі болуы керек.

Команда құрамында: 6 ер, 4 әйел, 2 бапкер, 1 төреші.

Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар жіберіледі.

Жарыстар «Sadaq aty» республикалыққ дәстүрлі садақ ату федерациясының ережелері бойынша өткізіледі.