«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) Хатшылығымен өзара серіктестік шеңберінде Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 8-ші байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

2014 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Конкурстың аясында еліміздің түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, шынайы және объективті түрде жариялайтын шетелдік авторлардың мәтіндік және бейне материалдарды іріктеп келеді. Байқауға БАҚ-та жарияланған материалдардан басқа, блогерлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған жұмыстары да қатыса алады.

Негізгі тақырыптан басқа осы жылы АӨСШК-ның жаңа номинациясы ұсынылатын болады, оның шеңберінде «АӨСШК: Жаңа әлемдегі жаңа Азия» тақырыбындағы жұмысы үшін бір жеңімпаз айқындалатын болады.

Байқауға қатысуға 2022 жылғы 15 шілдеден бастап 2023 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Бас редакторлар клубының» басшысы Бибігүл Жексенбай, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев және АӨСШК әскери-саяси өлшем сарапшысы Елші Дулат Қуанышев кіретін қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы бойынша бес географиялық аймақтан бес жеңімпаз анықталады:

– Солтүстік және Оңтүстік Америка;

– Еуропа;

– ТМД;

– Таяу Шығыс және Африка;

– Азия-Тынық мұхит аймағы

және «Kazakh Tourism» мен АӨСШК тақырыптары бойынша номинация бойынша екі лауреат.

Жеңімпаздар Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысына бару жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған. 

Сонымен бірге, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, байқау жеңімпаздарына арнайы мемлекеттік сектор өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылатын болады. 

Барлық жұмыстар 2023 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей mediacontest2023@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Байқау нәтижелерін 2023 жылдың 1 тамызына дейін жариялау жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін mediacontest2023@mfa.kz поштасына немесе +77172720987 телефонына хабарласуға болады.

                                                                                                                                  *****

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауның қатысу ережелері

  • Байқауға қатысуға барлық мемлекеттердің азаматтары шақырылады (Қазақстан азаматтарынан басқа);
  • Конкурсқа шетелдік баспа, электронды және онлайн БАҚ-тың штаттық және штаттан тыс қызметкерлері және блогерлер қатыса алады;
  • Байқауға шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 15 шілдеден 2023 жылғы 15 шілдеге дейін жарияланған 300-ден 3000-ға дейінгі  сөзден тұратын ақпараттық материал / ұзақтығы 1-ден 60 минутқа дейінгі телевизиялық немесе радио репортаж, подкаст, әлеуметтік желідегі жарияланымдар қатыса алады;
  • Егер ақпараттық материалдың тілі қазақ, орыс немесе ағылшын тілі болмаса, оның аталған тілдерге аудармасын қоса тіркеу қажет;
  • Толтырылған өтінімдерді жарияланған материалмен және оның аудармасымен мына электронды поштаға жіберу қажетmediacontest2023@mfa.kz;
  • Қазақстанға қатысты материалдардың тақырыбы бір немесе бірнеше саланы қамтуы тиіс: экономика және сауда, мәдениет және дәстүр, тарих, туризм, заманауи қоғам, білім және ғылым, спорт немесе АӨСШК тақырыбы;
  • Барлық материалдарды 2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей жіберу қажет;
  • Әділқазылар төмендегі аймақтардан 5 жеңімпазды таңдап алады:

– Оңтүстік және Солтүстік Америкадан;

– Еуропадан;

– ТМД елдерінен;

– Таяу Шығыс пен Африкадан;

– Азия-Тынық мұхит аймығынан;

  • Туризм бойынша жеке санаттағы 1 жеңімпаз және «АӨСШК: Жаңа әлемдегі жаңа Азия» тақырыбындағы АӨСШК номинациясындағы           1 жеңімпаз кез келген өңірден таңдалады;
  • Конкурс қорытындысын 2023 жылғы 1 тамызға дейін жариялау жоспарланған;
  • Жеңімпаздар Қазақстанға сапармен марапатталады. Ұйымдастырушылар эконом-класпен ұшу, қонақүйде тұру, жергілікті көлік және Қазақстандағы мәдени бағдарлама, сондай-ақ тәуліктік шағындарды өтейді.

 

Өтінім нысаны

Аты

 

 

Тегі

 

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

Жынысы

 

Туған жылы, айы, күні

 

 

Азаматтығы

 

 

Тұрып жатқан мемлекеті, қаласы

 

 

БАҚ штаттық /штаттан тыс қызметкері

 

 

 

Материалы жарияланған БАҚ атауы

 

Аккаунттың атауы және әлеуметтік желідегі аккаунтқа сілтеме

 

Материалға сілтеме және оның толық мәтіні (тіркеу)

 

Материалдың жазылған тілі

 

Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы (тіркеу)