Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын қазақстандықтар үшін жаңа веб-сайт туралы

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын қазақстандықтар үшін жаңа веб-сайт туралы

Құрметті отандастар, соның ішінде диаспора өкілдері, студенттер және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Отандастар» қорымен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын қазақстандықтар үшін жаңа сервис (веб-сайт) құрып жатқанын хабарлауға асығамыз.

Осыған орай аталған сайтты қызықты мазмұнымен толықтыру үшін сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, ұсыныстарыңызды берулеріңізді сұраймыз (2 сұрақ) - https://forms.gle/evf57n5NEEAimDy67