«Самұрық-Қазына» Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен ынтымақтастықты кеңейтуде

«Самұрық-Қазына» Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен ынтымақтастықты кеңейтуде

Лондон, 2023 жылғы 16 ақпан – Лондон қаласындағы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің штаб-пәтерінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен ЕҚДБ Вице-президенті Алан Пию «Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» жобасы бойынша кепілдіктер мен шығыстарды өтеу шартына қол қойды.

ЕҚДБ мен «Алматы электр станциялары» АҚ арасындағы кредиттік келісімге 2022 жылғы қарашада қол қойылды, оның шеңберінде банк «Самұрық-Қазына» корпоративтік кепілдігімен қолдау тапқан 15 жыл мерзімге 130 млрд.теңге сомасында қарыз беретін болады.

Сондай-ақ, ынтымақтастық бағыттарын кеңейту шеңберінде Ұлттық электр желісін (ҰЭЖ) жаңғырту бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

ҰЭЖ-тің болашақ конфигурациясы Оңтүстік аймақтың электр желісін нығайту және Батыс энергетикалық аймақты Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру үшін жағдай жасай отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізінің жел әлеуетін қоса алғанда, ЖЭК-ті энергобалансқа кең ауқымды тартуды қажетті желілік инфрақұрылым салу жолымен көздейді.

ҰЭЖ-ті дамыту дәстүрлі электр желісінің құрылысынан басқа Smart Grid цифрлық технологиялары мен энергияны сақтау жүйелерін қолдануды көздейді.

Тараптар 2060 жылға қарай Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізу үшін өзара іс-қимылды ұлғайтуға өзара қызығушылықты растады.