Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының  сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

 

2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыты бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №244 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс беру өтеді.

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс беруге құқықтық негіз бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №244 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

 

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, сондай-ақ Ирландия мен Исландия аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) london@mfa.kz немесе consul@kazembassy.org.uk электрондық мекенжайларға «Мәжіліске сайлауы-2023» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда № 244 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

+ 44 (0) 207 925-75-32 - Комиссияның хатшысы

+ 44 (0) 207 925-75-21

+ 44 (0) 207 925-17-57

 

Құрметті сайлаушылар!

Сіздерді құқықтық сауаттылық танытып, өзіңіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажетті заңдық маңызы бар әрекеттерді уақтылы қабылдаңыз!

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!