Ұлыбританияның Консервативті партиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті

Ұлыбританияның Консервативті партиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті

ЛОНДОН, 2021 жылғы 9 желтоқсан – Лондонда бірқатар посткеңестік елдер (Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан) тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Консервативті партиядағы Еуразияның достары» үкіметтік емес ұйымының салтанатты іс-шарасы өтті. Шараны осы ұйымның негізін қалаушысы, Қазақстанның тумасы Бота Хопкинсон ұйымдастырып, оған Ұлыбританиядағы сол мемлекеттердің елшіліктері қатысты.

Салтанатты кешті ашқан «Консервативті партиядағы Еуразияның достары» ұйымының президенті Лорд Питер Лилли Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде бұрынғы КСРО республикалары айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, командалық-әкімшілік экономиканы толыққанды нарықтық жүйеге айналдырып, саяси реформалар жолына нық сеніммен қадам басты деп атап өтті.

Іс-шараның құрметті қонағы Ұлыбританияның Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Венди Мортон Орталық Азия мен Кавказ өңірі Ұлыбританиямен, оның ішінде бизнес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және қоғамдық байланыстарды нығайту үшін зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ Ұлыбритания мен өңір елдері арасындағы мәдениетаралық және парламентаралық диалогты дамытуға ықпал еткені үшін Б.Хопкинсонды ерекше атап өтіп, алғысын білдірді.

Іс-шара аясында қонақтарға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ ұлттық сувенирлер, баспа өнімдері және ұлттық қазақ тағамдары ұсынылды.

Шараға Ұлыбританияның Еуразия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтардың мүшелері, британиялық саяси және экономикалық истеблишменттің көрнекті қайраткерлері, шетелдік дипломаттар қатысты.