Бүгін астана әуежайында FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының бірінші рейсінің салтанатты таныстырылымы болды. Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр қатысты.
Қазақстандық лоукостер FlyArystan алғашқы рейсін Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 180 орындық жайлы Airbus A320 әуе лайнерімен орындады.
FlyArystan жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін жоғары сервис пен қол жетімді ұшуларды қамтамасыз етумен қатар, бортқа Recaro 3530 SLIM неміс өндірісінің былғарымен қапталған жаңа креслоларын орнатты. Оның қайырмалы жұқа арқалықтары бар және кеңдігі 70 см-ден 82 см-ге дейінгі жетеді.
«Эйр Астана» лоукостерін құру туралы жаңалық алғаш рет 2018 жылдың 7 қарашасында жарияланған болатын.
Жолаушылар үшін бір бағытқа билет құны 3 999 теңгеден басталатын қол жетімді ұшуларды ұсына отырып, FlyArystan бұрын ұшақпен ұша алмаған жолаушылардың жаңа сегментін тартуды жоспарлап отыр.
«Біз Қазақстанның кейінгі толқын жастарына ұшу ұтқырлығы мен қол жетімділігі қажет екенін түсінеміз.Лоукостердің классикалық үлгісі бойынша жасалған FlyArystan дер кезінде және қажетті сағатта пайда болды. Біз ішкі және халықаралық бағыттарда жолаушылар ағыны едәуір өседі, деп болжап отырмыз. Уақыт өте келе біз ұшуларды шетелдік әуежайлардан да бастауды жоспарлап отырмыз. Біз өңірлер экономикасының қарқынды өсуін байқаймыз және осы дамудың бір бөлігі боламыз, деп үміттенеміз», - «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер.
FlyArystan 2019 жылы 29 наурызда Алматы-Тараз-Алматы, сондай-ақ Алматы-Орал-Алматы бағыттары бойынша билет сата бастады.
Кейінен Алматыдан Нұр-Сұлтанға, Қарағандыға, Павлодар мен Шымкентке билет сатыла бастады. Бүгінде республиканың алты қаласына әуе билеттері сатылып жатыр.Алғашқы Қазақстандық лоукостердің рейстеріне билеттерді әуе компаниясының flyarystan.com ресми сайты арқылы брондауға болады.
FlyArystan флотының конфигурациясы 180 орындық төрт Airbus 320-232 ұшағынан тұрады, олардың орташа пайдаланылған мерзімі 6 жылды құрайды. Қызметкерлер штаты 180 адамнан тұрады.
Ұшқыштар мен аға бортсеріктердің бір бөлігі «Эйр Астана» командасынан алынды.
2021 жылдың соңына қарай авиакомпанияның әуе паркін 15 әуе кемесіне дейін ұлғайту жоспарлануда. Олар Қазақстан Республикасының түрлі қалаларында базаландырылатын болады.