Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ ДИАҚБ директорын қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ ДИАҚБ директорын қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 20 қазан – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға алғашқы сапарымен келген ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччимен кездесу өткізді.

Тараптар ЕҚЫҰ-ның ағымдағы күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның Бюромен екіжақты өзара іс-қимыл, оның ішінде сайлау саласындағы мәселелерін талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі дәйекті шаралар атап өтілді.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы еуропалық әріптестеріне Қазақстанның жақында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2022-2024 жылдарға сайланғаны туралы қысқаша ақпарат беріп, еліміздің осы үкіметаралық органға алдағы мүшелігінің басымдықтарын белгіледі.

Өз кезегінде, М.Мекаччи ДИАҚБ-ның өз мандаты шеңберінде елімізбен ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын растай отырып, Қазақстанның халықаралық құқық қағидаттары және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы стандарттарды ілгерілету жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдірді.

Итальяндық дипломат М.Мекаччи ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры лауазымына 2020 жылғы 4 желтоқсанда Албанияның Тирана қаласында СІМК-тің 27-ші кездесуі барысында тағайындалды.