«Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары» кітабының онлайн тұсаукесері

«Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары» кітабының онлайн тұсаукесері

Кембридж университетінің баспасы және Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі сіздерді кітаптың онлайн тұсаукесеріне шақырады

 

Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары
Ұлы Даланың аса көрнекті этнографы және тарихшысы

Ник Филдингтің редакторлығымен аударған Арч Тейт

 

Корольдік географиялық қоғамынан тікелей эфир

 

Сейсенбі, 15 желтоқсан
11.00-12.45 (Лондон уақыты)
17.00-18.45 (Нұр-Сұлтан уақыты)

 

ТІРКЕЛУ

 

Кембридж университетінің баспасы Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен бірлесіп және Қостанай облысының әкімдігі мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолдауымен ХІХ ғасырдағы ең көрнекті қазақ ғалымдарының бірі Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармаларының ағылшын тіліндегі алғашқы жинағын ұсынады.

29 жасында үзілген қысқа ғұмырында Ш. Уәлиханов шығыстану ғылымына қомақты үлес қосып, отандастарына әрі шетелдіктерге қазақ мәдени мұрасы туралы зерттеулерін қалдырды.

Шоқтығы биік еңбектеріне қарамастан, Ш. Уәлиханов ағылшын тілді әлемде кеңінен танымал емес. Іс-шара аясында Ш. Уәлихановтың ағылшын тіліне аударылған шығармаларының алғашқы жинағы ұсынылады. Бұдан бұрын 1865 жылы ұлы ғалымның тек төрт шығармасы ғана ағылшын тілінде жарық көрген.

Кітапта Ш. Уәлихановтың Орталық Азия географиясы, тарихы, этнологиясы және экономикасының аспектілерін зерттеуге арналған ең маңызды ғылыми еңбектері, сондай-ақ ғалымның аймақтағы қоғамға деген өзіндік көзқарасы ұсынылған. Аталған шығармалар Орталық Азия тарихын зерттеуде маңызды олқылықтың орнын толтырып, ұлы қайраткерге қызығушылық тудырады деген үміттеміз.

 

Баяндамашылар

Джейн Манн
Білім беру саласындағы Кембридж серіктестігінің басқарушы директоры
Кембридж университеті

 

Ерлан Ыдырысов
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
Құрама Корольдігіндегі Елшісі

 

Зиябек Қабылдинов
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры

 

Арч Тейт
Аудармашы

 

Ник Филдинг
Журналист, жазушы, редактор

 

Модератор

Энни Михайлиду
Білім беру саласындағы Кембридж серіктестігінің
халықаралық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы
Кембридж университеті

 

ТІРКЕЛУ