Меню

Страницы

Статья

Консулдық есепке тіркелу

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде уақытша тұратын ҚР азаматтарын консулдық есепке алу

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
  • Шет елдерде форс-мажорлық жағдайлар, әскери іс-қимыл, дүлей апат және т.б. жағдайлар пайда болуына орай Қазақстан Республикасының азаматтарына уақтылы көмек көрсету;
  • Болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.

Консулдық есептің түрлері

  • Тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған адамдарға арналған.
  • Уақытша консулдық есеп – уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу, туристік сапар және т.б.).
  1. паспорттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  2. ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуге тіркеу туралы шешімі (сәйкестендіру үшін);
  3. өтініш;
  4. толтырылған тіркеу картасы;
  5. визаның немесе BRP (biometric residence permit) картасының көшірмесі.

Консулдық есепке тұру онлайн режимде осы сілтеме арқылы жүзеге асырылады. Сауалнама толтыру өте оңай және де аз уақытты алады. Ешқандай жауапкершілікті талап етпейді.

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке куәлік, немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар паспортқа қосымша бет (болған жағдайда).

1 жұмыс күні.

Тегін

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Сұрауларды электрондық поштаға жіберуге consul@kazembassy.org.uk немесе телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: +44 (0) 207 925 7532

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
15 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Ақпарат
26 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
26 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы