1) Өтініш және сауалнама құжаттарды тапсыру күні толтырылады;
2) туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.
- Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
- паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайында:
(a) құжатты IMMOBILISE немесе ReportMyLost сайттардың біреуінде тіркеп;
(b) оның жоғалуы немесе ұрлануы туралы хабарлау;
(c) растайтын қағазды принтерден басып шығару қажет.
Аталған онлайн-арыз жергілікті полицияға тікелей жеткізіледі.
- жеке куәліктің көшірмесі;
- Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
- Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет
- Фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық (балаларға міндетті түрде) түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс.
- Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
5) өтініш білдірушінің Ұлыбританияда, Ирландияда немесе Исландияда болу себебін растайтын келесі анықтамалардың бірі: тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат (түпнұсқа және көшірме);
- оқу кезеңін растайтын оқу орнынан анықтаманың нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тілдерінде) (егер Сіз колледжде/университетте оқысаңыз);
- еңбек келісімшартының (шарттың) нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тілдерінде) (бұл ретте жеке кәсіпкерлер осы санатқа жатпайды);
- шетелде «тұрақты тұруға» рұқсат (ҚР паспортындағы белгі, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің бланкісіндегі анықтама немесе ресми хат);
- жоғарыда аталған ҚР азаматтарына отбасылық қатынасты растайтын құжат;
- тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат (түпнұсқа және көшірме).
6) Ұлыбританияның тұрақты резиденті картасының (BRP) нотариалды куәландырылған аудармасы (қазақ немесе орыс тілдерінде);
- Британдық «eVisa» ресімделген жағдайда келген еліндегі көшіп келу мәртебесін растаудың нотариалды куәландырылған аудармасын (қазақ немесе орыс тілдерінде) ұсыну қажет. Қажетті құжатты келесі сілтеме бойынша рәсімдей аласыз - https://www.gov.uk/view-prove-immigration-status
Ескерту:
- шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариалды куәландырылуы тиіс;
- Қазақстанда тіркелу қажет;
- көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.