ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНА ДЕПУТАТТАРДЫ САЙЛАУ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУДІҢ АЛДЫН АЛА НӘТИЖЕЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНА ДЕПУТАТТАРДЫ САЙЛАУ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУДІҢ АЛДЫН АЛА НӘТИЖЕЛЕРІ

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады

24 тамыз таңертеңгі жағдай бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері келесідей:

  • "Әділет" партиясы - 71,17 пайыз;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5,11 пайыз;
  • "Байтақ" жасылдар партиясы - 1,7 пайыз;
  • Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) - 3,10 пайыз;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,26 пайыз;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,21 пайыз;
  • Respublica - 5,56 пайыз;
  • "Барлығына қарсымын" - 2,51 пайыз.

Партиялар Құрылтайға өту үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауы тиіс болатын.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адам болған. Сайлауға 9 351 539 адам немесе тізімге енгізілген азаматтардың 73,8 пайызы қатысты.
Елімізде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірден дауыстарды санау басталды. Содан кейін аумақтық комиссиялар ОСК-ға нәтижелер бойынша есеп береді. Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны арнайы отырыста шығарады.

Соңғы қорытындылар 30 тамызға дейін белгілі болады.