Любляна орталығында Ұлы Дала әуендері шырқалды

Любляна орталығында Ұлы Дала әуендері шырқалды

Любляна, 2026 жылғы 16 маусым – Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі қолдауымен Словен астанасының қақ төрінде Шымкенттен келген «Қаған» және «Яссы» қазақ фольклорлық ансамбльдерінің концерттік қойылымы өтті.

Шымкент пен Любляна қалалалары әкімдіктерінің қолдауымен Елшілік ұйымдастырған іс-шара Словения астанасында жазғы маусымның басталуындағы ең жарқын мәдени оқиғалардың біріне айналды және Қазақстан мен Словения арасындағы гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға маңызды үлес қосты.

Люблянаның орталық алаңы Ұлы дала әуендерімен толығы, домбыра, қобыз, дауылпаз және басқа да ұлттық аспаптардың үні, дәстүрлі композициялар, сондай-ақ музыкалық және би ансамбльдерінің түрлі-түсті ұлттық костюмдері қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының бай рухани және мәдени мұрасына куә болып, шынайы тамашалады.

Концерт Словения жұртшылығының, Люблянаға келген көптеген шетелдік туристердің, сондай-ақ Словенияда тұратын қазақ диаспорасының өкілдерінің шынайы қызығушылығын тудырды. Көптеген словендік көрермендер алғаш рет Қазақстанның музыкалық дәстүрлерімен, оның ерекше мәдениетімен және Ұлы дала рухын, оның ашықтығы мен ерекше алуан түрлілігін бейнелейтін ғасырлар бойғы тарихымен танысты.

Любляна жүрегіндегі орын алған мәдени шара, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, заманауи Қазақстан – Алтын Орда ұлы өркениеттің мұрагері идеологиясының басты құндылықтарын Еуропада кеңінен паш ету аясында ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты - мемлекеттілік дәстүрлері, мәдени байлығымызды және халықтар арасындағы ашық өзара әрекеттесу, Қазақстанның бірегейлігі мен елдің мәдени дипломатиясына одан әрі жаңа серпін беру.

«Қаған» және «Яссы» ансамбльдерінің өнер көрсетуі қазақстан-словения қарым-қатынастарын нығайтудың жарқын символына және мәдениет пен өнердің өзара түсіністік пен достықтың әмбебап тілі болып қалатынын көрнекі растауға айналды. Мұндай бастамалар шетелдік аудиторияға Қазақстанның бай мұрасын ашып қана қоймай, гуманитарлық байланыстарды кеңейтіп, мәдени әрі өркениетаралық сұхбаттастықты нығайту арқылы Қазақстан мен Словения халықтарын одан әрі жақындастыруға жаңа мүмкіндіктер туғызары сөзсіз.