
Марибор, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Өңірлік сапар аясында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Ақпараттық ғылымдар институтының (IZUM - Institut informacijskih znanosti, Maribor) басшылығымен кездесіп, стратегиялық және инновациялық ынтымақтастықтың перспективаларын, цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерді дамытуды жан-жақты талқылады.
Институт директоры Алеш Бошняк словендік суперкомпьютерлік және ЖИ инфрақұрылымының негізінде ғылыми-зерттеу ақпараттық және кітапханалық ақпараттық жүйелердің интеграциясы жатқанын атап өтті. Институт кітапханалық ақпараттық жүйелер саласындағы ЮНЕСКО аймақтық орталығының функцияларын орындайды.
Бұл ретте Еуропаның 8 елін біріктіретін COBISS (Cooperative Bibliographic Information System) кооперативтік библиографиялық жүйесіінің орны айрықша. Жүйе барлық қатысушы елдердің кітапханалары пайдаланатын бірыңғай каталог пен метадеректер қағидатына негізделген, сол арқылы деректердің жоғары сапасы қамтамасыз етіліп, шығындар көзі төмендеп, тиімділік пен толық үйлесімділік деңгейі жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. COBISS-тің Қазақстан Ұлттық кітапханасымен ынтымақтастығын жолға қою туралы қағидатты уағдаластыққа қол жеткізілді.
Елші HPC RIVR (Research Infrastructure of the Eastern Region) бастамасы аясында басталған словениялық VEGA суперкомпьютерінің функционалдығымен егжей-тегжейлі танысты. 6.9 петафлопс жадысымен қамтылған VEGA суперкомпьютері сейсмология, климат, ауа-райы болжамы, жоғары энергетикалық және ғарыштық физика, медицина және фармацевтика (жаңа дәрі-дәрмектердің формуласын ойлап шығару, болашақта ықтимал ауру мен дерттердің түрлерін модельдеу), биоинженерия және өнеркәсіптік модельдеу, жасанды интеллект және машиналық оқыту саласындағы жоғары жүктемелі есептеулерге арналған. Словения ұлттық суперкомпьютерлік экожүйені SLING бірлескен ұлттық суперкомпьютинг желісіне үйлесімді қосылған.
Қазіргі таңда Словенияда жалпы бюджеті шамамен 150 млн еуроны көлеміндегі 3000 шаршы метр аумақта орналасқан VEGA-2 «Slovenian Artificial Intelligence Factory» жаңа ауқымды жобасы іске асырылуда. Жаңа суперкомпьютер өзара байланысты екі бөліктен құралмақ: жаңа AI-бағдарланған суперкомпьютерді сатып алу, сондай-ақ AI-сервистерді, зерттеулер мен индустриялық енгізуді құру. Жоба "EuroHPC Joint Undertaking"-пен үйлестіре жүзеге асырылуда және жалпыеуропалық AI — суперкомпьютерлік экожүйесінің ажырамас бөлігі (ресурстар: есептеу қуаттылығының 50% — еуропалық жобалар, 50% - Словения көшбасшы болып табылатын жобалар). AI фабрикасының фокустық вертикалдарына Жасыл өткел, ақылды қалалар, өнеркәсіптік AI, агро - және food-tech салалары басты бағыт болып танылған.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және екі елдің технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал ететін бірлескен инновациялық жобаларды дамыту, атап айтқанда, Словенияда Қазақтанның санды брендіне айналған «Digital Bridge» цифрлық форумын бірлесіп өткізу және Astana Hub пен IZUM арасындағы іскерлік ынтымақтастықты жолға қою туралы қағидатты уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде бірлескен зерттеу бастамаларына, мамандарды даярлауға және технологиялармен алмасуға ерекше назар аударылды.