Білім көпірі: Қазақстан мен Словения жаңа білім беру бағыттарын игеруде

Білім көпірі: Қазақстан мен Словения жаңа білім беру бағыттарын игеруде

Любляна, 2025 жылғы 5 маусым – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов белгілі виолончельші Қазақстанның тумасы, профессор Е.Сапараевтың жетекшілігімен Любляна Университетінің Музыка академиясында оқуға грант ұтып алған қазақстандық студенттермен кездесті.

Жылы және бейресми жағдайда өткен кездесуде Елші екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін білім беру және мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Ол шетелде білім алып жатқан дарынды жастар өз елінің мәдени елшісі қызметін атқарып, мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта оң имиджін қалыптастыруға атсалысатынын баса айтты.

Студенттер өз кезегінде жетістіктерімен, шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Дипломат Қазақстанның музыкалық дәстүрлерін Словенияда насихаттауға бағытталған мәдени бастамаларды жүзеге асыруда қолдау көрсетуге және көмектесуге дайын екенін білдірді.

Д.Сарекенов студенттерге оқуда және шығармашылықта одан әрі табыс тілеп, олардың жетістіктері Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени байланыстың дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.