Португалия кәсіпкерлер ассоциациясы мен Ғылыми-технологиялық паркі Астана Халықаралық форумына қатысады

Португалия кәсіпкерлер ассоциациясы мен Ғылыми-технологиялық паркі Астана Халықаралық форумына қатысады

Лиссабон, Порту, 2024 жылғы 22 ақпан - Қазақ-португал екіжақты ынтымақтастығын одан әрі жандандыру шеңберінде Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашев TagusPark Ғылыми-технологиялық паркінің басшысы Эдуард Баптиштамен және Португалия кәсіпкерлер қауымдастығымен (AEP) Паулу Важбен кездесті.

Кездесулер барысында португалдық әріптестер Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен және ҚР жаңа үкіметінің алдына қойылған міндеттермен танысты.

Португалияның жетекші Ғылыми-технологиялық паркі TagusPark-те Astana Hub-пен өзара тиімді әріптестік мүмкіндіктері туралы жан-жақты пікір алмасты. Тараптар инновациялар саласындағы өзара іс-қимыл келешегін, сондай-ақ ағымдағы жылы бірлескен іс-шаралар кестесін талқылады. Баламалы энергетика, жер қойнауын пайдалану және құрылыстың инновациялық бағыттарында кооперацияны тереңдетуге өзара мүдделілік атап өтілді.

AEP Кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы агроөнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, IT-сала, жасыл энергетика, логистика және туризм сияқты салалардағы сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды дамытудың әлеуетті бағыттарына назар аудара отырып, португалдық мүдделі кәсіпкерлерден Қазақстанға бизнес-миссиялар ұйымдастыру жөніндегі алдағы кезеңге жоспарлары туралы әңгімелеп берді. П.Важдың айтуынша, солтүстік өңірлердегі компаниялар біздің елімізде жобаларды жүзеге асыруға өте мүдделі. Тараптар ағымдағы жылы жеңіл өнеркәсіп саласындағы компаниялар тобының ҚР-ға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырды.

Қазақстанның ҚР транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейту жөніндегі шаралары туралы ақпарат қызығушылықпен қабылданды, «Орта дәліздің» өсіп келе жатқан рөлі атап өтілді. Еліміздің халықаралық аренадағы белсенділігін жоғары бағалай отырып, AEP және TagusPark басшылары маусым айында өтетін Астана Халықаралық форумының жұмысына қатысуға қызығушылық танытты.

Тауар айналымының оң серпінін, сондай-ақ іскер топтардың өзара қызығушылығының артуын ескере отырып, әңгімелесушілер компанияларға тікелей байланыс орнату және өзара тиімді әріптестікті дамыту бойынша жан-жақты жәрдем көрсетуге келісті.

ҚР Португалиядағы Елшілігі