Азор архипелагы Қазақстанға жақындай түсті

Азор архипелагы Қазақстанға жақындай түсті

Понта-Делгада, 26-27 желтоқсан 2022 жыл – Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батрашев Азор аралдары автономиялық аймақтың астанасында өңірлік үкіметтің президенті Жузе Мануэль Болиейро, Сауда-өнеркәсіп палатасы басқармасың төрағасы Мариу Фортуна, Азор аралдары астанасының мэрі Педру Нашцименту Кабралмен, Туризм, мобильділік және инфрақұрылым жөніндегі өңірлік хатшы Берта Кабралмен, сондай-ақ Қазақстанмен сауда-өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға мүдделі жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті.

Президент Жузе Мануэль Болиейромен екіжақты қатынастардың келешегін, автономды өңірмен шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді талқыланып, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты орнатудың негізгі бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Азор аралдарының бизнес-құрылымдары арасындағы тығыз кооперацияға өзара мүдделілікті атап өтті. Келіссөздерден кейін ҚР және архипелаг ресми тұлғаларының бірінші баспасөз конференциясы өтті.

Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнату және дамыту мүмкіндіктері Сауда-өнеркәсіп қауымдастығында егжей-тегжейлі қарастырылды. Қазақстандық дипломат және профессор Мариу Фортуна іскерлік қатынастарды дамытудың әлеуетті бағыттары ретінде құрылыс, ауыл шаруашылығы және туризм тәрізді салаларды белгіледі.

Өз кезегінде, Понта-Делгада қаласының мэрі Педру Кабрал екіжақты қатынастар тарихында Қазақстан Елшісінің өңір астанасына алғашқы сапарын ризашылықпен атап өтті. Тараптар Қазақстан қалаларының бірімен бауырластық байланыстар орнатуға қызығушылық білдірді, Португалия мен ҚР Арал өңірінің туристік агенттіктері арасындағы тікелей қатынастарды бастау мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі қарастырды. Сонымен қатар, португалдық саясаткер Понта-Делгада қаласында Қазақстанның құрметті консулдығын ашуға қызығушылығын білдірді. Бұл Азор аралдарында қазақстандық бизнестің келуіне қосымша серпін бермек.

Туризм және инфрақұрылым жөніндегі Өңірлік хатшымен келіссөздер екіжақты туристік ынтымақтастықты дамыту төңірегінде өрбіді. Атап айтқанда, Берта Кабрал «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға қызығушылық танытып, қазақстандық тарапты 2023 жылғы наурызда Лиссабондағы BTL ірі халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуға ресми түрде шақырды. Сонымен бірге, қазақстандық компанияларды өңір басшылары тікелей байланыс орнату мақсатында Азор аралдарына сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат 2023 жылғы шілдеде Португалияның туристік мүмкіндіктерін Қазақстанда таныстырылымын өткізуді ұсынды, сондай-ақ туристік бизнесті дамыту саласындағы мамандармен алмасу қажеттігін атап өтті.

Анықтама: Азор аралдары - Португалияның автономиялық аймағы, Атлант мұхитындағы архипелаг. Аумақ Еуропаның ең батыс нүктесі болып табылады. Архипелаг 600 шаршы км-ден астам аумаққа созылған 9 аралдан тұрады. Азор аралдары үш топқа бөлінеді: Шығыс (Сан-Мигель, Санта-Мария және Формигаш аралдары), Орталық (Фаял, Пику, Сан-Жоржи, Терсейра және Грациоза аралдары) және Солтүстік-Батыс (Флориш және Корва). Архипелагтың астанасы-Сан-Мигель аралындағы Понта-Дельгада қаласы.

ҚР Португалиядағы Елшілігі