Рим Папасы Орталық Азиядағы діни төзімділік оазисіне барады

Рим Папасы Орталық Азиядағы діни төзімділік оазисіне барады

ресми емес аударма

Иоанн Павел II Қазақстанға тарихи сапарынан 21 жыл өткен соң, Францисктің басқа діндерді құрметтейтін әрі қалыпты исламды ұстанатынын мақтан тұтқан түркітілдес халық мекендеген әлемдегі көлемі бойынша тоғызыншы елге бару кезегі келді.

Қыркүйек айының басында Рим Папасы Франциск 1991 жылдан бері тәуелсіз және мұсылмандардың көпшілігіне қарамастан, өзінің 19 миллион халқы арасында христиандардың бестен бір бөлігі бар бұрынғы Кеңес Республикасы - Қазақстанға сапар шегеді. Бүгінде Орталық Азия өңірінде, сондай-ақ көршілес Моңғолияда христиан діні алғаш рет V ғасырдың бірінші жартысында Константинополь Патриархы Несторийден шыққан ілім несторианизм түрінде пайда болған. Қазақтардың ата-бабалары - көшпелі тайпалар өмір сүрген кең далаларда шамамен 1000 жылға дейін тәңірлік, пантеистік дін басым болған, онда шамандардың ықпалы зор болған. Бірте-бірте өңірдегі түркі халықтары исламды қабылдады (моңғолдар негізінен буддист болған), дегенмен, олар тәңірге сенімдерін де сақтап қалған.

Моңғол көшбасшысы Шыңғыс ханның, оны көптеген қазақтар да өзінікі деп біледі (әрине, оның әскерлерінің едәуір бөлігі түркі болғаны сөзсіз), төңірегінде несториандықтар да болған және ол XIII ғасырда құрған үлкен империясына халықтың бірнеше христиан топтары да кірген. Венециандық көпес Марко Поло Қытайға сапармен келгенде, Шыңғыс ханның немересі және несториандық әйелден туған Құбылай хан императоры дәуірінде ол аралаған Еуразия жерлерінде барлық елдерде татарлар деп аталатын халықтар одағы және мифтік көсем-жауынгердің адал ұрпақтары басым болды. Бұл XIII ғасырдың екінші жартысы еді және Құбылай ханның сарайында әртүрлі діндердің өкілдері, соның ішінде несториандық христиандар, сонымен қатар Поло, Марконың әкесі мен ағасы сияқты кейбір католиктер де болды. Бас идея әрбір діннің қадір-қасиетін талқылауға ықпал ету болды, әрі олардың біреуі күндердің бірінде таңдалып, төзімділік атмосферасы орнайды.

 

Моңғол сарайында христиандардың бар екені туралы хабардан шабыт алған Иннокентий IV (1243-1254 жылдардағы Рим Папасы) Француз доминикандық монахы Андре де Лонгюмоның басшылығымен миссия жіберді (ол Франция королі үшін тағы бір миссияны іске асырды). Бұған дейін ұлы хандармен байланыс орнату миссиясы португалдық Монах Луренске жүктелген болатын, бірақ оның Шығысқа сапар шекпеуінің себептері белгісіз. Қалай болғанда да, христиан діні сол дәуірде азиялық далаларда орныға алмады, тек XVII ғасырдан бастап қана Ресейдің империялық экспансиясымен христиан халқы Орталық Азияда өмір сүре бастады, негізінен олар православиелік христиандар еді.

Франциск Қазақстанға алғаш келген Рим Папасы емес. Иоанн Павел II 2001 жылы Астанада болған, ал 2019 жылы Астана жаңа елдің тұңғыш Президентінің құрметіне Нұр-Сұлтан деп аталды. Польшадан шыққан Рим Папасы бірнеше діни рәсімдерін, оның ішінде Құдай ана Мәңгілік көмек соборында өткізіп, сол кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев басқарған бұрынғы Кеңес Республикасын «шығу тегі мен діні әртүрлі ерлер мен әйелдер арасындағы үйлесімділіктің үлгісі болып табылатын ел» деп мақтап, христиандар мен басқа діндердің ізбасарлары зорлық-зомбылықсыз, өмірді сүйетін және әділеттілік пен ынтымақтастықта дамитын әлемді құру үшін ынтымақтасуға ыстық үндеу жасады. 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдарға жауап ретінде Америка Құрама Штаттары бастаған террорға қарсы соғыс жағдайында Иоанн Павел II «бұл жағдай келіспеушіліктердің өршуіне жол бермеуі тиіс»,- деді. «Дін ешқашан қақтығыстың себебі ретінде пайдаланылмауы қажет. Осы жерден мен христиандарды да, мұсылмандарды да әлемдегі іргелі игілік - бейбітшілік орнауы үшін Жаратушы Құдіретті Құдайға дұға етуге шақырамын. Бүкіл әлемдегі адамдар Құдайдың даналығына сүйене отырып, жеккөрушілік, кемсітушілік және зорлық-зомбылыққа орын жоқ махаббат өркениеті үшін қызмет етсін. Шын жүректен Мен Құдайдан бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтауды сұраймын. Әумин».

Деректерге сәйкес, Қазақстан азаматтарының 20%-ы христиан дінін ұстанады. Бұрынғы астанасы Алматы немесе Астана қалаларында барлық конфессиялардың шіркеулері мешіттермен қатар қалалық ландшафттың бір бөлігі болып табылады. Патшалар қазақтарды сыртқы жауларға қарсы қолдауға келіп, содан кейін қағанаттарды өз бақылауына алған Ресеймен ескі байланыс православтықтардың басым болуын түсіндіреді, бірақ кеңес заманында немістердің, поляктардың, литвалықтардың және басқалардың жер аударылуы католиктік қауымдардың пайда болуының себебі болды. 150 000-ға жуық қазақстандық католиктер төрт епархия бойынша бөлінген: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды (Фатима Құдай Анасының соборы орналасқан жерде) және Атырау.

Егер Иоанн Павел II Қазақстанда 2001 жылғы 22-25 қыркүйек кезеңінде болса (әлі он жасқа толмаған жас мемлекет), ал, Франциск биылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда болады және бұл сапар 2019 жылдан бастап қызмет атқарып келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен сәуір айындағы әңгімелесу тақырыбы болды. «Біз елдеріңіздің қаншалықты әртүрлі және біртұтас екенін көріп отырмыз. Бұл тұрақтылықтың негізі. Біз Қазақстанда мұны түсінетініне қуаныштымыз. Сіз менің қолдауыма сене аласыз, мен сіздің күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын», - деді мұсылмандар мен христиандардан басқа, бұл Орталық Азия елінде еврей, буддист және басқа да қауымдастықтар бар екенін білетін аргентиналық Папа.

Франциск Нұр-Сұлтанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысады, оның алғашқы отырысы 2003 жылы өткен, ал 2021 жылға жоспарланған іс-шара Ковид-19 пандемиясына байланысты 2022 жылға ауыстырылған. Съез өтетін орын - британдық сәулетші Норман Фостер жасаған биіктігі 62 метр пирамида тәрізді ғимарат. Сондай-ақ, Фостер Нұр-Сұлтанда тағы бір маңызды ғимарат - сәулеті қазақтың дәстүрлі киіз үйіне ұқсас олардың өмір салтына құрмет ретінде Хан Шатырды салды. 1830 жылы казактар негізін қалаған қазіргі елорда алдымен Ақмола, содан кейін Целиноград, содан қайтадан Ақмола, кейіннен Астана (бұл қазақ тілінде «ел орда, бас қала» дегенді білдіреді) деп аталды, ал 2019 жылы, елорда болғаннан бері 12 жыл өткен соң, ол Нұр-Сұлтан деп аталды. Бір қызығы, біздің Мәңгілік көмек Құдай ана соборы, жуырда салынғанына қарамастан, елорданың сәулеттік молдығымен салыстырғанда өте шектеулі пішімге ие.

2001 жылғы Папаның сапары өркениеттер қақтығысы міндетті түрде орын алады деген тезисті жоққа шығаруға бағытталса, қазіргі Францисктің сапары Ресей әскерлері әлі де Украинада болып, одан әрі аумақтарды басып алып отырған, ал Мәскеу Батыстың санкцияларындағы кезеңде плюрализм посткеңестік кеңістікте бола алады дегенді көрсетуге тырысады. Қ.Тоқаев ілгерілеткен 5 маусымдағы конституциялық референдумның мақсаты діни плюрализм, сонымен қатар саяси плюрализм болды. Дипломатиялық тұрғыдан Рим Папасының Ресей Патриархы Кириллмен кездесуі өте өзекті болуы мүмкін.

Н.Назарбаевтың үш онжылдыққа жуық көшбасшылығы мұнай мен табиғи газдан түсетін кірістермен қаржыландырылған белгілі бір өркендеумен көрініс табады. Михаил Горбачевтің құрметіне ие болғаны соншалықты, ол оны вице-президент етіп тағайындағысы да келген бұрынғы коммунистік көшбасшы Н.Назарбаев қазақтар мен азшылықтар арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етті, сондай-ақ Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақпен оңтайлы қарым-қатынасқа ұмтыла отырып, көпжақты дипломатияны жақтады. Сондай-ақ, ол Қазақстанды ядролық қарудан бас тартуға ықпал етіп, бұл бүкіл әлемнің аса зор құрметіне ие болды. Дегенмен, тәуелсіздіктің әкесі өзіне жақын адамдарына, тіпті туыстарына билікті теріс пайдалануға мүмкіндік берді. Н.Назарбаев билікке әкелген сатылмайтын адам ретінде беделі бар Қ.Тоқаев, өзінің басшысының саяси ықпалын тоқтату үшін қаңтардағы отын бағасының көтерілуіне (зорлық-зомбылыққа ұласқан) қарсы наразылықтарды прагматикалық түрден орынды пайдалана алды, дегенмен, Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде пайда болған 15 республика үшін сирек кездесетін этникалық және діни қақтығыстардың болмауы сияқты мұрасының жағымды аспектілерінен бас тартпады.

Осылайша, Рим Папасы діни бостандық бар, барлық түркі халықтарына тән исламға қалыпты көзқарастарды ұстанатын, көптеген мұсылмандар өмір сүретін, көркейіп келе жатқан зайырлы Қазақстанға сапар шекпек. Ал, егер несториандықтар жадыда әлсіз қалса да (олар Қытайда Мин династиясының қуғынына ұшыраған, қазіргі кезде Иракта аз ғана саны бар қауым), бұл елде христиандардың үлкен түрлілігінде жетіспеушілік жоқ, тіпті Португалиядағы Фатимада мекендейтін, 2020 жылдан бастап Алматының жанында Консолота миссионерлері де өмір сүреді.

Авторы: Леонидиу Паулу Феррейра

fatimamissionaria.pt