Қазақ жолы

Қазақ жолы

Португал тілінен ресми емес аударма

Орыс тіліндегі «казак» деген сөз бұрынғы Кеңес Одағында құрылған жер аумағы жағынан екінші ірі мемлекеті халқының басым бөлігін құраған ұлт - «қазақ» сөзінен шыққаны жай емес. Оған қоса бұл ел жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында және Португалиядан шамамен 30 есе үлкен. Қазақ сөзі түркі тілінде «еркін адам» дегенді білдіреді және кем дегенде ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығына дейін, екі ғасырлық ресейлік империялық саясат Кеңес өкіметіне айналып, отырықшылыққа қоса ұжымдастыру да күшпен енгізілгеніне шейін, кең далада үстем еткен ежелгі көшпелі өмір салтын білдіреді. Миллиондаған қазақтар ашаршылық пен қатты суықтан қайтыс болды, өйткені олардан тартып алынған мал - тамақ пен киімге тепе-тең болған.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанды белгілі бір мағынада қағанаттың мұрагері деуге де болады. Бұл ел ХІХ ғасырға дейін орыстардың одақтасы болып, содан кейін империя құрамына кірді. Соңғы кеңестік көшбасшы Михаил Горбачевтің вице-президенті ретінде қарастырылған Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жаңа Қазақстан мемлекеттік шекараларын бекітіп, көптеген славян этносының барлық құқықтарына сақтауға кепілдік берді, Мәскеуге қарсыласпай, әлемге ашық саясатын орнатып, Бейжің, Вашингтон және Брюссельмен көпірлер тұрғызды. Елдің солтүстік-шығысындағы Семей - Сталин мен оның мұрагерлері жарты мың кеңестік бомбаларын сынау полигоны болғанына қарамастан, Қазақстан халықаралық қауымдастық тарапынан мойындауға қол жеткізу үшін өзінің ядролық арсеналынан да бас тартты.

2022 жылдың қаңтарында Тәуелсіздіктің 30-жылдығын мерекелеуден соң бірнеше апта өткеннен кейін, түрлі себептермен түсіндіруге болатын мұнайға және табиғи газға бай елде отын бағасының көтерілуіне байланысты наразылық зорлық-зомбылық толқынына айналып, нәтижесінде мықты тұлға моделі - Назарбаев моделінің әлсіз жақтарын әшкереледі. 2019 жылы мемлекетті басқарудан бас тартқанына қарамастан, бұрынғы президент әлі де үлкен ықпалға ие болып тұрды, ал оның қарамағында болған адамдар ұлттық байлықтарды әділетсіз пайдалануын жалғастыра берді. Бұл жағдай осы уақытқа дейін өтпелі көшбасшы ретінде қарастырылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үшін көрнекті дипломат болудан басқа (ол БҰҰ жүйесінде жоғары лауазымды қызметкер болған) дағдарысқа қарсы тұруға және оны 19 миллиондық халық ұмтылған өзгерістер үшін қолайлы мүмкіндікке айналдыруға қабілетті екенін көрсетуге мүмкіндік берді.

200-ден астам адамның (оның ішінде қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің) өмірін қиған қаңтардағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру үшін Ресейдің басшылығы өңірлік альянстың әскерлерін бұл елдегі өмірлік маңызды нысандарды қорғау үшін ұсынды, бірақ кейбір болжамдарға қарамастан ресейлік сарбаздар көп ұзамай елден кетті. Бүгін Владимир Путиннің назары 24 ақпанда Ресей әскерлері басып кірген Украинада шоғырланған деп ойлауға болады, бірақ шынында Мәскеу әрдайым ұлтшыл қазақстандық секторлардың шағымдарына себеп бермеу үшін оны мұқият қадағалап отырды, мысалы, Ресей Парламентіндегі дауыстарды қайталамай, көрші аймақтардың аннексиясын қолдады. Нұр-Сұлтан билігімен жақсы қарым-қатынастарды сақтау, Орталық Азиядағы тұрақтандыру көзі ретінде қалыпты сунниттік исламмен ерекшеленетін түркі тілдес Қазақстанның болу артықшылығына сүйену қазіргі Батыспен соқтығысу жағдайында немесе белгілі бір дәрежеде оған байланысты Ресейдің стратегиясы болып қала береді.

Өткен жексенбі күні Президенттің өкілеттігін шектейтін, мемлкетті басқарудағы және демократияда барынша ашықтық талаптарын қанағаттандыруға бағытталған референдумды ұйымдастырған және жеңіске қол жеткізген Қ.Тоқаев өзінің ізашарының жетістіктерінен бас тартпай, бірақ қазіргі қоғамның негізін қалаушыдан асып түспей, Қазақстан дамуының екінші дәуірін басқаруға ұмтылып отыр. Мұны іске асыру әрдайым қиын, ал қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, бұл одан да күрделі міндетке айналып отыр. Бірақ оның дипломатиялық тәжірибесі оған теңдестіру тәжірибесін де беріп, кейбіреулердің наразылығын тудыру тәуекелі жағдайында 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялауын және Донбаста жақында жарияланған тәуелсіздікті мойындамай ғана тұрмай, оған қоса БҰҰ-да Украинаға басып кіруді айыптайтын дауыс беруден бас тартуға да мүмкіндік туғызып отыр.

Нұр-Сұлтанның орта мерзімді мақсаты - (таптық, аймақтық және этникалық шиеленісті әлсіретуге бағытталған) ішкі саяси реформадан басқа, Ресеймен қарым-қатынастары белорустік адалдық терминдерімен айқындауға немесе Украинадағыдай сияқты ашық қақтығысқа жол бермеу болады. Үшінші жол да бар: Мәскеу мен Киев арасындағы кез келген келіссөздердің модераторы болуға ұмтылған Қазақстан бұл жолдың өзіне тиесілі болғанын қалайды. Бұл айтарлықтай деңгейде қазақтардың еркіне тәуелді, дегенмен тек оларға ғана байланысты емес.

dn.pt