Инновация, фармацевтика және жоғары білім Қазақстан-Португалия ынтымақтастығының басты назарында

Инновация, фармацевтика және жоғары білім Қазақстан-Португалия ынтымақтастығының басты назарында

Лиссабон, 2022 жылғы 20 сәуір – Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Коимбра қаласына жұмыс сапармен барып, әкімшілік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелері төңірегінде ресми мекемелермен және жергілікті іскерлік топтармен келіссөздер жүргізді.

Коимбра қаласының мэрі Жозе Мануэль Силвамен және Сауда-экономикалық даму мәселелері жөніндегі вице-мэрі Мигель Фонсекамен, сондай-ақ өңірдің бірқатар ірі компанияларының басшылығымен кездесулер өтіп, олардың барысында екі елдің кәсіпорындары арасында цифрландыру, жоғары технологиялар, фармацевтика және жоғары білім беру саласында байланыстар орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Атап айтқанда, еліміздің ең ірі фармацевтикалық компанияларының бірі - «Bluepharma Group» Президенті Паулу Баррадас Ребеламен осы компанияның Қазақстан нарығына шығуы және ҚР аумағында бірқатар дәрі-дәрмектерді өндіру мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Bluepharma Group» басшылығы қазақстандық әріптестермен келіссөздер жүргізгеннен кейін Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарының бірінде өз зауытын салу жобасын әзірлеуге кірісуге дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде қауіпсіздіктің аса маңызды жүйелерін қолдау саласында бағдарламалық шешімдер мен инженерлік қызметтерді әзірлеуге маманданған «Critical Software» компаниясының директоры Жоау Бриту компанияның жоғары технологиялар, цифрландыру және инновациялар саласындағы қазақстандық жобаларға қатысуға ниеті мен дайындығын атап өтті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен ынтымақтастық орнату мүмкіндігі португалдық бизнесменнің ерекше қызығушылығын тудырды.

Келіссөздердің тағы бір аспектісі жергілікті жоғары оқу орындарымен өзара тиімді байланыстарды іздеу болды. Атап айтқанда, 25 мыңнан астам студент білім алатын Португалияның ең көне және ең ірі жоғары білім ордасы - Коимбра университетімен (Universidade de Coimbra) ынтымақтастық әлеуеті өте зор. Университет басшылығы Жоау проректоры Нуну Калвау да Силва Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тікелей ынтымақтастық орнатуға және тиісті келісімге қол қоюға қызығушылық танытты.

Анықтама: Коимбра университеті - Португалияның ең көне және Еуропадағы ең көне университеттердің бірі, 1290 жылы Лиссабон қаласында Король Диниш I декретімен құрылған, кейіннен Коимбра қаласына көшіріліп, қазіргі уақытта сол жерде орналасқан. 2013 ж. 22 маусымда бұл жоғары оқу орны ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енгізілген.

Университетте 8 факультет және 4 кампус бар. Онда Еуропадағы ең көне және ең бай академиялық кітапханалардың бірі орналасқан. Сондай-ақ, елдің ең ірі мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Утрехт желісі Еуропа университеттері қауымдастығына кіреді.