«Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның саяси еркі болды, өйткені біз одан 40 жыл бойы азап шектік»

«Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның саяси еркі болды, өйткені біз одан 40 жыл бойы азап шектік»

Бейресми  аударма

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары және бұрынғы ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, саясаттанушы Тимур Шаймергенов егеменді ел ретінде Қазақстанның алғашқы үш онжылдықтағы этносаралық қарым-қатынастан бастап сыртқы саясатқа дейінгі мәселелер туралы айтады.

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы

1991 жылы Қазақстанның басқа кеңестік республикалармен салыстырғанда тәуелсіздік алу үрдісіндегі өзгешелік болды ма, өйткені ол, Ресейді санамағанда, ең ірі және көпұлтты ел болды?

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін КСРО ыдырағаннан кейін бұрынғы Кеңес Одағының басқа 14 республикасы да алған кезеңде болды. Біздің үрдістің ерекшелігі – біз КСРО-дан соңғы болып кетуге мәжбүр болдық, өйткені біздің президент қандай да бір байланыстың болуын қалады, ол бұрынғы одақтағы тәуелсіз елдер арасындағы қандай да бір қоғамдастықты сақтағысы келді, біз оны «өркениетті ажырасу» деп атадық. Осылайша, елдер арасындағы барлық байланыстарды үзгісі келмеді – Қазақстанның экономикасы көршілерінің экономикасымен интеграцияланған, сондықтан да сол кездегі байланыстардың үзілуі экономикамыздың құлдырауын білдіретін еді. Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев қандай да бір бірлік немесе қауымдастық сақтауды ұсынды. Бұл ұсыныстың арқасында және негізінен Президент Назарбаевтың талап етуімен бізде ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бар. Бүгінгі күні оны елдердің байқалмайтын одағы ретінде қарастыруға болады, бірақ 90-шы жылдары елдер арасында коммерциялық байланыстар құру үшін, диалог алаңының болуы өте маңызды болды, тіпті осы жаңа елдердің азаматтары елдер  арасында еркін жүру мүмкіндегі, визалық және шекара мәселелерімен байланысты болды. Осылайша, ТМД Тұңғыш Президентіміздің ұсынысы негізінде бір ортақ нәрсені сақтау үшін құрылды, себебі Кеңес Одағы ыдырай бастағанда, барлық елдер барынша тәуелсіздікке ие болғысы келді, оларды Кеңес кезеңімен байланыстыратын барлық байланыстарды үзгісі келді.

Қазақстанның тағы бір ерекшелігі - Назарбаев үш онжылдыққа жуық уақыт ішінде Кеңестік Социалистік Республикасының көшбасшысы және тәуелсіз Қазақстанның президенті болды. Бұл бейбіт ауысуына мүмкіндік беретін формула болды ма?

Назарбаев Кеңес Одағының істеріне белсене араласты. Сол кезде КСРО президенті болған Михаил Горбачев оған вице-президент болуды ұсынды. Сондықтан ол не болып жатқанын өте жақсы білді, Кеңес Одағындағы және, әрине, Қазақ Республикасындағы барлық экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерден хабардар болды. Біздің ел тәуелсіздік алған кезде, ол Қазақстанды басқарудың ең жақсы жағдайында болды, өйткені ол тек пайда болған мүмкіндіктерді ғана емес, сонымен қатар, жаңа Республиканың алдында тұрған барлық мәселелер мен қиындықтарды білді. Барлық егжей-тегжейлерді білетін Назарбаев, сөзсіз, экономикалық дамудың жаңа формасын басқаруға ең лайықты тұлға болды. Әрине, жаңа нәрсені жасай бастағанда, елді басқару өте қиын, әсіресе ұлтымыздың ерекшелігін ескере отырып, өйткені бізде 130-ға жуық түрлі этникалық топтар, сондай-ақ көптеген діни бірлестіктер бар, сондықтан да бізге жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру қажет еді. Егер біз әр түрлі саяси және әлеуметтік топтар арасында ымыраға келуге мәжбүр болатын парламенттік республика жолымен кеткен болсақ, тездетіп алға жылжуға қиын болар еді, шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қандай да бір мәмілеге келу үшін ұзақ уақыт қажет болар еді. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы бес-алты жыл ішінде бізде Жоғарғы Кеңес болды, қандай да бір қорытындыға немесе шешімге келу үшін бірнеше саяси тартыстар орын алатын еді, бұл аса қажетті экономикалық және әлеуметтік реформаларды кейінге қалдырған болатын. Соның ішінде, ескерген кеңестік экономикасын нарықтық жолына қою; реформалар жүргізу мен шетел инвестицияларының келуіне қажетті құқықтық негізін құру; әлеуметтік реформаларды жүргізу мен жекеменшікті басқару сияқты. Бұл 30 жыл бұрын, бәрі жаңа болатын және ескі менталитеті бар адамдар мен жаңа реформаторлар арасында көптеген қарама-қайшылықтар болған кез еді. Президент Назарбаевтың алдында жауапкершілікті толық алу мен күшті президенттік билікті құруда тарихи мақсат тұрды және де ол прагматикалық шешім болды. Егер осы жылдардағы Қазақстанның саяси трансформациясына қарайтын болсақ, ол әрбір бес немесе он жыл сайын үкіметке көбірек міндеттер жүктегенін, оған жауапкершілік артқанын көреміз және президентке тек стратегиялық мәселелер шешу қалдырылған болатын. Бүгінде бізде әр түрлі билік тармақтары арасында тепе-теңдік бар, күшті парламент, жауапкершілігі жоғары үкімет және тәуелсіз сот. Бұл әлі мінсіз әлем болмауы да мүмкін, бізде әлі де демократиялық даму жүріп жатыр, бірақ бұл дәл осылай болды. Сондықтан да 2019 жылы Президент Назабаев басқа лауазымға шыға алды, ол енді басқарумен айналыспайды, бірақ ол кейбір стратегиялық істерді қадағалай алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Назарбаевтың мұрагері. Осы екі жылдың ішінде жаңа президенттің жеке мәнерін көру мүмкін бе? Мәнерде ғана, әлде басқа көзқарастарда айырмашылық бар ма?

Жалпы, Тоқаев Назарбаев жасаған қазақстандық моделін ұстанады. Бірақ, әрине, ол басқа адам, жасы мен кәсіби деңгейі өзгеше, сондықтан оның стилі бөлек. Назарбаев өнеркәсіптен келді, оның стилі алдымен – экономика, содан кейін – саясат. Осы соңғы екі жылда Тоқаев, Назарбаевтың жолын ұстанып, экономикалық және саяси реформалар арасында үлкен тепе-теңдікке ұмтылуда. Екі жыл ішінде ол балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған реформаларды іске асырды, және мүмкін, оның ерекшелігі – үкіметтің азаматтармен байланысына көп көңіл бөлуі. Жаңа президент басқарудағы ашықтықтың жаһандық үрдісіне сүйене отырып, әртүрлі әлеуметтік топтар мен үкімет арасында көптеген байланыс желілерін ашты. Бұл Президент Назарбаевтың мұрасын арттыратын тактикалық өзгерістер. Идеалды әлем жоқ, сондықтан Президент Тоқаев өзінен бұрынғы әлемді жақсартқысы келеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылындағы табыстардың бірі - қазақ көпшілігі - этникалық қазақтар, қазіргі кезде халықтың басым бөлігі - басқа қауымдастықтармен қарым-қатынасы. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында этникалық қатынастар ең жақсы деп айтуға бола ма?

Біз оған тырыстық. Қазақстан – көпұлтты қоғам, бүгінде барлық қазақтар бір тілде сөйлейді және бір дінді ұстанады деп айтуға болмайды, бұл мүмкін емес еді, өйткені, тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстан ұлт, этникалық топ болып саналмаған, өйткені біз әр түрлі ұлттардың мен өркениеттер тоғысқан жеріміз. Тарихи тұрғыдан алғанда, біз Ислам әлемі, Азия әлемі, Орыс әлемінің арасында тұрамыз, сондықтан егер біз Жібек жолының тарихи кезеңіне қарасақ, біз әр түрлі мәдениеттердің, тілдердің, дәстүрлердің қиылысуында тұрамыз және осы сынмен үйлесімді өмір сүреміз. Генетикалық тұрғыдан алғанда, қазақтар көп ұлтты қоғамда өмір сүруге дағдыланған. Қазақстан КСРО құрамында болған кезде, Екінші дүниежүзілік соғыс сияқты әр түрлі кезеңдерді бастан өткерді, осы жерге, Германиямен және басқа фашистік мемлекеттермен күресте әскери жағын қолдау үшін өнеркәсіппен, зауыттармен бірге елдің еуропалық жағынан көптеген тұрғындар көшіп келді.

Екіншіден, Кеңес үкіметі Қазақстан аумағын бидай өндіру үшін ірі базалардың бірі ретінде пайдалана бастаған кезде және осылайша КСРО-ың Еуропалық бөлігінен тұрғындарды тарта бастаған кезде мұнда ауыл шаруашылығының үлкен жобасы жүзеге асырылды. Осының барлығына байланысты, тәуелсіздігіміздің басында елімізде көптеген қазақ емес ұлт өкілдері өмір сүрді. 1989 жылы этникалық топтар мен халық саны бойынша зерттеу жүргізілген кезде қазақ халқы 46% құрады.

Өз республикасындағы азшылық ...

Иә, біз азшылықта болдық. Өйткені бізге жаңа дағдылармен және әр түрлі мәдени ортадан көптеген басқа ұлт өкілдері келді, және біз бұл сырттан келген миграция ағымына сіңіп кеттік. Қазіргі уақытта қазақтар 70% құрайды. Бұл екі факторға байланысты: тәуелсіздіктің басында славян халқының бір бөлігі Ресейге қоныс аударды, және біз Қытайдан және басқа елдерден келген этникалық қазақтарды өз отанына қайтару бағдарламасын іске асырдық. Біз тепе-теңдікті құра алдық, ал бүгінгі күні қазақтар өз елінде азшылық емес. Алайда, біз басқа этникалық топтарды елемеуге немесе қабылдамай алмаймыз, өйткені, мысалы, көптеген орыстар үшін Қазақстан, мүмкін, бес-алты ұрпақ ішінде, біреуге кеңестік кезеңнен, біреуге Ресей империясы кезеңнен бастап туған ел болуда. Осылайша, оларды мұнда шетелдіктер деп айтуға болмайды. Біз бәріміз бірге тұрамыз және бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Біз әлі де қарым-қатынас үшін орыс тілін қолданамыз, бірақ, сонымен бірге, біз қазақ тілін дамытып жатырмыз. Біздің ойымызша, қазақ тілі барлық этностардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауының негізгі тіліне айналуы үшін біраз уақыт қажет, өйткені кеңестік кезең елдің тілдік ландшафтын шынымен өзгертті. Біз қазір қазақ тілін дамытуға тырысып жатырмыз, латын әліпбиі басым болғандықтан, қазақты жаһандық коммуникацияға барынша кіріктіру үшін кириллицадан латын әліпбиге ауыстырамыз. Біз қазақ тілін жаһандық қарым-қатынасқа тартымды ету үшін жүйелеуге тырысамыз, сондықтан оны жақсартуға және оны кезең-кезеңмен халық арасында таратуға уақыт қажет. Үкімет ұлтаралық келісімді ынталандыратындықтан, бұл кедергісіз жүзеге асырылады. Егер біз үкімет мүшелеріне, мемлекеттік қызметшілерге немесе кәсіпкерлерге қарайтын болсақ, біз барлық этностардың өкілдерін көреміз. Егер Қазақстанның тұрғыны қазақстандық құндылықтар мен бірегейлікті ұстанатын болса, Қазақстанды өзінің Отаны етіп санаса, онда бәрі жақсы болады. Біздің заңнамада тіпті этникалық квоталар, шектеулер жоқ, сіз этникалық неміс, корей немесе орыс болсаңыз да, сіз үкіметте жұмыс жасай аласыз.

Саясаттанушы Тимур Шаймергенов - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары

Қазақстан жер көлемі жағынан әлемдегі тоғызыншы ел, бірақ халы аз тек 19 миллион құрайды. Сыртқы байланыстарға келетін болсақ, саясатыңыз орталықта болудың артықшылығын пайдалану және Орталық Азияның басқа елдері болсын, Ресей, Қытай, ЕО немесе АҚШ болсын, бәрімен дос болу ма?

Иә, біз бұны көпвекторлы саясат деп атаймыз. Біздің сыртқы саясатымыз негізінен экономикалық мәселелерге бағытталған, біз геосаяси тартыстарды қадағаламаймыз, бізде аймақтық державаның түріне айналуға ұмтылыс жоқ. Біздің сыртқы саясатымыз негізінен барлығымен достық қарым-қатынасқа бағытталған, себебі бұл қауіпсіздікті білдіреді, бізде басқалармен ешқандай проблемалар  жоқ, демек, біз барлығымен сауда қарым-қатынаста бола аламыз. Біз тәуелсіздіктің алғашқы он жылында шекараның мәңгілік бекітуіне байланысты осы мәселеге көп көңіл бөлдік. Біздің көршілермен ешқандай проблемамыз жоқ. Екінші онжылдық негізінен серіктестерімізбен қарым-қатынасты кеңейтуге арналды, біз Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, ЕО-мен, ислам әлемімен және жалпы Азиямен қарым-қатынасты дамытып келеміз. Осылайша, біз қарым-қатынас көкжиегін кеңейткен кезде, үшінші онжылдықта өз жайғасуын тиімді пайдалануға тырыстық, себебі Азиядан Еуропаға баратын тауар айналымының 70% Қазақстан арқылы өтеді. Бұл біздің көршілермен ешқандай проблемамыз жоқтығының нәтижесі, демек, кез келген сауда Қазақстан үшін тиімді және оны шекарада тоқтатуға болмайды. Біз барлықтармен достық қарым-қатынас ұстанамыз, және, ең алдымен, өзіміздің өркендеуімізге бағытталамыз, сондықтан, тұрақтылық әкелетін және дамуға ықпал ететін саясат жүргізгіміз келеді.

Ядролық қаруға қарсы саясат Қазақстанның халықаралық имиджі үшін өте маңызды ма? Ол 1989 жылы Семей ядролық полигоның жабылуынан басталды, әлі де Кеңес Одағы кезінде және бүгінгі күні барлық ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың демеушілігімен жалғасуда.

Өте дұрыс. Қазақстанның ядролық миссиясының түп тамырын 1949 жылы, Кеңес үкіметі кезінде біздің аумақта Семей ядролық полигоны құрылған кезде іздеу керек. 40 жыл ішінде жерімізде 456-ға жуық жарылыс жасалды. Назарбаев сынақ полигонын жабу үшін күресті бастағанда, ол қатты саяси қысымға ұшырады, өйткені КСРО ядролық қаруды өзінің қорғаныс жүйесінің негізгі элементі ретінде қарастырды. Олар біздің ядролық қаруды жетілдіру идеясынан қалай бас тартуға болатынын түсінбеді. Бірақ Назарбаев қоғамдық қолдауына үміт артты, себебі Семейде және бүкіл Қазақстанда адамдар, әсіресе жастар бұл идеяны белсенді түрде насихаттады. Біз 30 жыл бұрын осылай жасадық. Содан кейін КСРО ыдырады. Біздің аумақта уран өндіру өнеркәсібі болды, бізде стратегиялық зымырандар, оларды басқаратын инфрақұрылым болды және бұл сұмдық болатын. Кейбіреулер біз бұл әлеуетті сақтай алмайтынымызға сенді, бірақ мен бұл түсінбеушілік деп ойлаймын, себебі басқа елдерден, негізінен ислам әлемінен, Қазақстанда ядролық қаруды қолдауға, соның ішінде қаржылай көмектесу туралы көптеген ұсыныстар жасалынды. Бүгінде біз уран өндірісінде бірінші орындамыз және көптеген тәжірибелі азаматтық ядролық ғалымдарымыз бар. Егер біздің үкімет ядролық арсеналды сақтап қалғысы келсе, оңай болар еді және ешкім ештеңе істей алмайтын еді. Солтүстік Корея сияқты мысалдарды қарасаңыз, ешкім Солтүстік Корея үкіметінің ядролық қаруды ұстауын тоқтату үшін ештеңе істей алмайды. Ал Қазақстанда өте озық технологиялар болатын.

Көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдан бас тарту ақшада немесе мүмкіндік мәселесіне байланысты болған жоқ па сонда?

Жоқ. Бұл ядролық қарудан бас тарту және Қазақстандағы саяси бостандықтың мәселесі болды. Әсіресе, біз бұл қарудан 40 жыл зардап шектік және оның қаншалықты қауіпті екенін білдік. 40 жыл ішінде айына бір жарылыс екі миллион адамға зардап шеккенін білу үшін статистикаға жүгіну жеткілікті. Осы уақытқа дейін жүздеген мың адам радиацияның әсерін түрлі ісік және басқа аурулар түрінде сезінеді. Сондықтан, қарудың бұл түрінің қаншалықты қауіпті екенін, тіпті сынақтар кезінде де түсіну үшін үгіт-насихат жүргізу немесе идеологиялық ақпарат та қажет емес. Президент Назарбаев Қазақстан басқа модельді ұстану қажет екенін, оны әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде тану керектігін, елімізбен дос болғысы келетіндердің барлық басқа елдерімен жақсы қарым-қатынаста болу керектігін және экономикалық байланыстар арқылы өркендеуімізге үлес қосуы керек екенін түсінді. Ал бұған байланысты ядролық қарудан бас тартуға қажет еді. Қазақстанды бүкіл әлем мойындады, өйткені тарихта осы уақытқа дейін ешкім мұндай үлкен биліктің мүмкіндігінен бас тартқан жоқ.

dn.pt