Лиссабонда Қазақстан мен Португалияның астаналары арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Лиссабонда Қазақстан мен Португалияның астаналары арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

2021 жылы 29 маусымда Лиссабонда Елші Дәулет Батырашев Португалия астанасы мэрінің орынбасары Катарина Ваз Пинтумен кездесті.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Президент Қ-Ж.Тоқаевтың елді жүйелі өзгертуге бағытталған ауқымды реформалардың жүзеге асырылуы, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу және бұл кезеңдегі негізгі жетістіктер туралы хабардар етті.

Тараптар жергілікті билік арасындағы өзара іс-қимылға баса назар аудара отырып, қазақстан-португал екіжақты қатынастарының даму перспективаларын талқылады. Осыған байланысты, екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастықты институттандыру мүмкіндіктері, оның ішінде жоғары деңгейдегі делегациялардың сапарларын өткізу және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы пікір алмасу өтті.

Елші қалалық тұрақты дамуы мен жасыл технологиялар саласындағы Лиссабонның маңызды тәжірибесіне тоқталып, қазақстандық тараптың экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайындығын атап өтті.

Өз кезегінде, К.Ваз Пинту Нұр-Сұлтанның прогрессивті дамуын жоғары бағалай отырып, әлемдегі ең жас және ең көне астаналардың біреуі арасында ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді, бұл екіжақты өзара әрекеттестіктің барлық салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді.

 

Анықтама үшін: Лиссабон - біздің планетамыздағы ежелгі қалалардың бірі. Португалияның қазіргі астанасының орнында алғашқы финикиялық қоныстар б.з.д. 13 ғасырда пайда болды. Бұл Лиссабонды Еуропаның ең ежелгі астанасы етеді.

2020 жылы Лиссабон «Еуропаның жасыл астанасы» болып, бұл атақты жеңіп алған Оңтүстік Еуропаның тұңғыш қаласына айналды. Португалия астанасында қалдықтардың үштен бірінен астамы толығымен қайта өңделеді, ал тұрмыстық қалдықтардың тек 1% -ы қоқыс тастайтын жерге жіберіледі.

Қалалық аумақтарды көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, экологиялық көлік түрлері белсенді дамып келеді, қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандыру шаралары жүзеге асырылуда. 2050 жылға қарай Лиссабон билігі зиянды шығарындылар көлемін нөлге дейін төмендетуді жоспарлап отыр.