ПОРТУГАЛИЯҒА БАРҒЫСЫ КЕЛЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

ПОРТУГАЛИЯҒА БАРҒЫСЫ КЕЛЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Португалия Республикасының Денсаулық сақтау Бас дирекциясының (DGS) мәліметі бойынша, Португалияға барғысы келетін адамдар Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігінің ұсыныстарына сәйкес, Еуропалық комиссия мақұлданған вакциналарды (BioNTech-Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Janssen) алып, Еуропалық Одақ бекіткен коронавирустық вакцинация сертификатына ие болуы керек..

Бұдан бұрын ауырған азаматтар, аурудан жазылғандығы туралы анықтама ұсынған жағдайда елге кіре алады. DGS мәліметтері бойынша, COVID-19 індетінен емделген және SARS-CoV-2 инфекциясының диагнозын растайтын (оң) зертханалық тексеруден кейін 11-ші және 180-ші күндер аралығында берілген жарамды анықтамасы бар адамдар Португалияға кіре алады.

Португалияға кірерден 72 сағат бұрын алынған теріс ПТР сынағының нәтижесі бар сертификатты немесе Португалияға кірер алдында 48 сағат ішінде алынған тез антиген сынағын елге кіру үшін ұсыну қажет.