Қазақстан Республикасының азаматтары үшін маңызды ақпарат

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін маңызды ақпарат

Үлкен Лиссабон өңіріндегі COVID-19 індетінің күрт өсуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі Қазақстан Республикасының азаматтарына, аса қажеттілігі болмаса, Португалияға уақытша сапар шегуден бас тартуды ұсынады. Сондай-ақ, Португалия Республикасында тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына эпидемиологиялық жағдайы қиын өңірлерге (Албуфейра, Арруда-дус-Виньюш, Кашкайш, Лиссабон, Лоле, Одемира, Серта, Синтра, Сесимбра және Брага өңірлері) маңызды емес сапарлардан бас тартқан орынды.

Португалия Үкіметімен қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпаратты келесі веб-сайттан табуға болады: https://covid19estamoson.gov.pt/