«Қазақстан болашаққа ұмтылуда» Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашевтың португалдық «Diário de Notícias» газетіндегі мақаласы

«Қазақстан болашаққа ұмтылуда» Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашевтың португалдық «Diário de Notícias» газетіндегі мақаласы

Бейресми аударма

Екі жыл бұрын, 9 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Қазақстан Президенті болып сайланды. Осы кезеңде, коронавирус пандемиясы мен әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, кешенді жұмыс жасалынды. Мемлекет басшысы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруына бағытталған реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

Бастапқыда, Президент үш саяси реформалар пакетін кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарларын жариялады. Оның алғашқы қадамдарының бірі - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру. Кенестің отырыстарында ең өзекті мәселелер ашық талқыланып, маңызды заң жобалары әзірленуде.

Осы жұмыстың нәтижесінде, сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастардың 30 пайыздық үлесінің енгізілуі болды, парламенттік оппозиция институты құрылды және митингтер туралы заң қабылданды. Сайлау заңнамасына жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей сайлауды қамтамасыз ететін түзетулер енгізілді. Саяси партиялардың елдің Парламентіне өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді.

Ағымдағы жылдың 9 маусымда Мемлекет басшысының Үкіметке Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсыратын «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығына қол қоюы өте маңызды. Атап айтқанда, азаматтарды, әсіресе балаларды қорғау, адам саудасына және азаптауға қарсы күресу шараларын қабылдауды қамтиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәселелерді ашық талқылауға шақырады. Оның «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бастамасы азаматтардың сұрау-сауалдарына жауап беруге мүмкіндік береді. 4,5 миллионға жуық адам қолдау шараларымен қамтылды. Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізіліп, шағын және орта бизнес салық төлеуден уақытша босатылды. Мұның бәрі пандемия кезеңін аз шығынмен еңсеруге мүмкіндік береді.

Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әділ бәсекелестікке және өнімділікті арттыруға бағытталған экономикалық реформаларды жүзеге асыруға айтарлықтай назар аударады. Адами капиталды дамытуға, жаңа үлгідегі білім беруіне инвестиция салуға, тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударылады.

Биылғы жылы Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде еліміз өмірдің барлық саласында көптеген жетістіктерге жетті. Оның жарқын мысалы – коронавирусқа қарсы «QazVac» вакцинасын әзірлеу. Бұл Қазақстанның ғылыми және өндірістік әлеуетінің дәлелі.

Қазақстан болашаққа ұмтылуда және Португалиямен көпсалалы ынтымақтастықты кеңейтуге ашық. Тек бірлескен күш-жігер ғана екіжақты әріптестікті дамытуды жандандыруға және қазақстандық-португал қатынастарының жаңа сапалы деңгейге шығуын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

мақалаға сілтеме