Қазақстан мен Португалия парламентаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуға дайын

Қазақстан мен Португалия парламентаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуға дайын

4 наурызда Лиссабон қаласында Қазақстан мен Португалия арасындағы парламентаралық ынтымақтастығының даму әлеуеті талқыланды.

Елші Дәулет Батырашев португал депутаттарымен сұхбат барысында елімізде ағымдағы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуін және егеменді Қазақстанның көрнекті жетістіктері туралы ақпаратын жеткізді.

Екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде екі елдің парламенттері арасындағы диалогты кеңейту мүмкіндігін қарастыруына үлкен көңіл бөлінді.

Осы орайда, Португалия Ассамблеясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Педро Роке Оливейра, түрлі саяси партиялардың 10 депутаттарының бастамасымен, «Португалия - Қазақстан» парламентаралық достық тобын құруына заң шығарушылық жиналыстың дайындығын мәлімдеді.

П.Роке Оливейра Қазақстан-Португалия парламенттік дипломатиясының әлеуетін жоғары бағалады және Достық тобын жеке басқаруға дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ, кездесудің қатысушылары 2021 жылғы 1 жартысында Нұр-Сұлтан қаласына португалдық депутаттар делегациясының сапарын ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Сонымен қатар, сұхбат барысында Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) және штаб-пәтері Лиссабонда орналасқан Португал тілінде сөйлейтін елдер қоғамдастығы (CPLP) арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.