ЕҚЫҰ диалог пен жанжалдарды болдырмау мақсатындағы аланы ретіндегі өзінің рөлін қорғауда

ЕҚЫҰ диалог пен жанжалдарды болдырмау мақсатындағы аланы ретіндегі өзінің рөлін қорғауда

«Mundo ao Minuto» газетіндегі мақаласының бейресми аудармасы

 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы ЕҚЫҰ-ның аймақтағы тұрақсыздық пен сындары кезеңіндегі диалог, жанжалдардың алдын алу және шешу алаңы ретіндегі рөлін қорғауына байланысты сөз сөйледі.

57 мемлекет кіретін ұйымы үшін соңғысы 2010 жылы болған Астана ЕҚЫҰ Саммитіне арналған виртуалды конференцияда Хельга Шмид баяндама жасады.

Саммитте мемлекет және үкімет басшылары «келісілген қағидаттарға, ортақ міндеттемелерге және ортақ мақсаттарға негізделген Ванкуверден Владивостокқа дейінгі еркін, демократиялық және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығы туралы көзқарастарын жариялады», деп, испандық EFE ақпараттық агенттігі оның сөзін келтіруде.

Алайда, оның айтуынша, «Астанада қабылданған міндеттемелерді орындау жолында кедергілер сақталуда».

«Геосаясат пен біржақты тенденциялар, бізге кері бағытта қысым жасауда. Созылған жанжалдар біздің аймақта қауіпсіздіктің қаншалықты қиын екенін көрсетеді», - деді Хельга Шмид.

Алайда, неміс дипломаты «ЕҚЫҰ – инклюзивті диалог, жанжалдарды алдын алу және шешу мен сенімділікті нығайтуға арналған бірегей форумы» екенін баса айтып, «сенімді жоғалтпау қажет» деп санауда.

Қазақстандық дипломатияның бұрынғы басшысы және 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы Қанат Саудабаев, өз кезегінде, «жаңа бөліну шектерінің» пайда болуына, елдер арасындағы сенімнің төмендеуіне және жаңа қақтығыстардың туындауына байланысты ұйымның жаңа саммитін өткізуге шақырды.

«Сонымен қатар, әлем коронавирустық пандемияға байланысты өте күрделі жаһандық дағдарысқа тап болды, ол тіпті қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған ең қуатты және дамыған елдердің осалдығын көрсетті», – деп пайымдады.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз елінің ЕҚЫҰ мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) жақындастыру туралы ұсынысын еске салды.

«Біз ЕҚЫҰ мен АӨСШК арасындағы практикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге дайынбыз, өйткені бұл екі ұйым бір мақсатты көздейді және Еуразияның негізгі мәселелерін шешуге ұқсас тәсілдерге негізделген», деп атап өтті  ол.

Қазақстан АӨСШК-ны ЕҚЫҰ-ға ұқсас қауіпсіздік және даму жөніндегі Азиялық ұйымына айналдыруды да ұсынды.