Қазақстан мен Португалия университеттері туризм саласында ынтымақтастық туралы уағдаласты

Қазақстан мен Португалия университеттері туризм саласында ынтымақтастық туралы уағдаласты

2020 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Португалиядағы Елшілігінің қолғабысымен Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті (Түркістан қ., Қазақстан) мен Алгарве Университеті (Фару қ., Португалия) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсімінде Халықаралық туризм және қонақжайлық университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Майнюра Мурзамадиева  құттықтау сөзімен сөйледі.

Португал тарапынан осы іс-шараға Алгарве университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Александра Теодосио және Алгарве университетінің Менеджмент, туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің директоры Александра Гонсалвес қатысты.

Сұхбат барысында тараптар туризмді дамыту және ұлттық туристік өнімді насихаттау бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Туризм үшін кадрлар даярлау және осы саланы басқарудың заманауи әдістерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Академиялық байланыстар мен бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға қызығушылығы білдірілді.

Құжат оқыту, зерттеу және тәжірибе алмасу мақсатында студенттермен, профессорлық-ағартушы құрамымен алмасуды, сондай-ақ туризм мен қонақжайлылық индустриясын дамыту бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар өткізуді көздейді. Екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жағдай жасайды.

Меморандумға қол қойылу рәсіміне Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашев қатысты.