Қазақстан мен Португалия ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Португалия ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

2020 жылғы 5 қарашада Лиссабон қаласында Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Португалияның ғылым, технологиялар және жоғары білім жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Жуау Альберту Собриньу Тейшейрамен кездесті.

Кездесу барысында ғылым мен білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Екіжақты шарт-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ Қазақстан мен Португалияның жоғары оқу орындары, ғылыми және зерттеу орталықтары арасында практикалық өзара іс-қимыл орнату мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Қазақстандық дипломат Португалиямен екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын атап өтіп, ғылым мен білім саласындағы қазақстандық-португалдық өзара іс-қимылды дамытудың үлкен әлеуеттің болуына айрықша назар аударды. Ол еліміздің ғылыми-білім беру базасы және әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен белсенді ынтымақтастығы жөнінде хабардар етті. Келешек дамудың басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында, қазіргі заманғы сындарға жауап ретінде, жоғары білікті мамандардың болуы мен оларды даярлауды қажет ететіндігін атап өтті. Бұл деген, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға негізделген білім алмасудың маңыздылығын алдын-ала анықтайтындығын баса айтты.

Мемлекеттік хатшы Жуау Тейшейра, өз кезегінде, Португалиядағы ғылым, технологияларды дамыту және инновациялар, жоғары білім беру саласындағы ағымдағы қызмет жөнінде айтып берді. Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы пікірімен бөлісе отырып, оның одан әрі ұлғаюын құптады. Португалдық тараптың басым бағыттар мен салаларда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті.

Тараптар бірлескен академиялық және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыруға, жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ бірлескен зерттеулерге, ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға қызығушылықтарын атап өтті.

Кездесудің нәтижесі бойынша екі елдің мүдделі мекемелер арасында ғылым, технологиялар және жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісім жасасу мүмкіндігін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, португалдық тарап екі елдің аэроғарыштық агенттіктері арасында байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.