Астана- 2025 жылғы 4 қыркүйек
Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты.
Жеделхатта былай делінген: "Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Португалия халқына көңіл айтамын.
Қасіретті оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабырлық, ал зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін."