Әл-Кувейт, 2025 жылғы 11 мамыр – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Азамат Бердібай Кувейт Мемлекетінің Уақыптар (қайырымдылықтар) және ислам істері министрі доктор Мұхаммед Ибрахим Әл-Уасмимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы діни, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
Қазақстан елшісі 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезін өткізуге дайындық туралы айтып, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан шақыру хатын табыс етті.