Кувейт мұнай корпорациясы 2025 жылғы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырылды

Кувейт мұнай корпорациясы 2025 жылғы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырылды

Әл-Кувейт, 2025 ж. 5 наурыз – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Азамат Бердібай Кувейт мұнай корпорациясы Төрағасының орынбасары және Бас атқарушы директоры шейх Науаф Сауд Ас-Сабахпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың маңыздылығын және осы бағыттағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Қазақстандық дипломат 2025 жылғы 29-30 мамырда Астанада өтетін Астана халықаралық форумына (AIF2025) қатысу үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің ресми шақыруын Кувейт мұнай корпорациясының басшысына беріп, Кувейт делегациясының форумға қатысуы Қазақстан-Кувейт қарым-қатынастарын нығайтуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.