ҚР Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі Кувейттің беделді БАҚ өкілдеріне арналған «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларына қатысты бағдарламалары» тақырыбында брифинг өткізді

ҚР Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі Кувейттің беделді БАҚ өкілдеріне арналған «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларына қатысты бағдарламалары» тақырыбында брифинг өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға қатысты бағдарламалары Кувейт Мемлекетінің БАҚ өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды

 

Әл-Кувейт қ., 2022 жылғы 5 қазан – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі Кувейттің беделді БАҚ өкілдеріне арналған «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларына қатысты бағдарламалары» тақырыбында брифинг өткізді.

Қазақстанның Кувейттегі Елшісі А.Бердібай өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға қатысты бағдарламаларының негізгі мақсаты әділ және әділ ережелерін қалыптастыруға, өмірдің барлық салаларында фаворитизм мен монополияларды жоюға бағытталғанын атап өтті.

Бұл ретте, алдағы реформалар шеңберінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жүйелі басшылығының арқасында мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта жандандыру, сондай – ақ «Күшті Президент – ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» негізгі формуласына сәйкес, саяси жаңғыртуды жүзеге асыру және осы бағыттағы реформалар жалғасатынына назар аударылды.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының «Президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу» туралы  ұсынысы бойынша Конституциялық нормалар қабылданғаны және бұл кез келген өршіл бағдарламаны іске асыру үшін жеткілікті кезең екендігі туралы хабардар етілді.

Сәйкесінше, Кувейттің жетекші БАҚ-ның редакторлары мен тілшілері елімізде ү.ж. 20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өтетіні туралы, сондай-ақ келесі жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауының жоспарланудан екендігі туралы хабардар етілді.

Бұған қоса, Қазақстан Елшісі Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен елімізде іске асырып келе жатқан ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасы оның  Мемлекет басшысы болып сайланған сәттен бастап  басталған конституциялық реформаның органикалық бөлігі болып табылатынын да атап өтті.

Бұл ретте Азамат Бердібай «Жаңа Қазақстан» - бұл Президенттің еліміздің дамуының, яғни саяси, әлеуметтік және экономикалық моделін түбегейлі қайта құру жолына бағыт алған еліміздің болашағы туралы көзқарасы екендігін жеткізді. Сондай-ақ супер президенттік билік жағдайында елдің ұзақ даму кезеңінен кейін қазақстандықтардың дүниетанымының құндылық өзгерісі, яғни бұрынғы жүйені сақтау үшін және елімізде басталған реформаларға бет бұрысты тоқтату мақсатында жеке біреулердің мемлекеттік төңкеріс сынды әрекетіне баруына жол бермеу екендігі ерекше аталып өтті.

Сондай-ақ, брифингке қатысушылардың назарына «Жаңа Қазақстан» - әділдік, адалдық және адал еңбек қағидаттарына негізделген мықты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет екендігі жеткізілді. Мемлекеттік құрылымның жаңа парадигмасын қалыптастыруға бағытталған конституциялық реформа - бұл заңнамалық рәсімдеу.

А.Бердібай Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдістері туралы хабардар ете отырып, барлық бағыттар бойынша еліміз екіжақты ынтымақтастығы тректегі серпінді дамуын, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің негізгі қорытындылары туралы және 2022 жылғы 12-13 қазанда Астана қ. өтетін АӨСШК-нің 6-шы Саммитін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Қазақстан өзінің егеменді дамуының 30 жылы ішінде ел экономикасында ауқымды жетістіктерге қол жеткізгенін, тәуелсіз ұлттық мемлекеттіліктің өзіндік бірегей моделін құра алғанын, сондай-ақ тиісті жаңғыртулар мен саяси реформалар жүргізілгенін, оның ішінде ел экономикасына бүгінгі таңға дейін 350 млрд. АҚШ астам инвестициялары тартылғанын ерекше атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан-Кувейт қатынастарының ағымдағы жағдайының маңызды оқиғалары туралы, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың перспективалары жөнінде де егжей-тегжейлі хабардар етілді.

Атап айтқанда, Қазақстан-Кувейт қатынастарындағы маңызды оқиғаларға егжей-тегжейлі тоқталып, саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың перспективаларына толығырақ тоқталды. Мысалы, 2022 жылдың қаңтар-шілдесінде тауар айналымының көлемі өткен жылдың аталып отырған кезеңімен салыстырғанда 53 есеге артқаны, сондай-ақ Алматы-Әл-Кувейт қалалары арасында «Jazeera Airways» әуекомпаниясымен ашылған тікелей әуе байланысы елдеріміз арасындағы жолаушылар ағынының өсуіне оң ықпал етуде екендігі атап өтілді.

Бұл ретте, Қазақстан Елшісі әлеуетті кувейттік инвесторлар тарапынан Қазақстан аумағында болашақта перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылықтың артқанының байқалуда екендігін ерекше атады.

Брифинг аясында Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстанның жетістіктеріне арналған бейне сюжеттер көрсетіліп, Қазақстан туралы сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Жалпы, іс-шараға Кувейттің «AN-NAHAR», «AL-SEYASSAH», «AL-QABAS», «AL-ANBA», «AL-JARIDA», «TIMES KUWAIT", «AL-RAY» атты жетекші басылымдарының редакторлары мен тілшілері қатысты.