Елшінің кувейттік танымал трэвел-блогері Халид әл-Мутайримен кездесуі

Елшінің кувейттік танымал трэвел-блогері Халид әл-Мутайримен кездесуі

2022 ж.22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Азамат Бердібай «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты байқауында Қазақстанның туристік әлеуетін жариялау номинациясының жеңімпазы – кувейттік танымал трэвел блогері Халид әл-Мутайриді қабылдады.

Кездесу барысында Халид әл-Мутайри Қазақстандық тараппен 2022 ж. 12-18 қыркүйек кезеңінде еліміздің Астана, Алматы, Түркістан қалаларына және Бурабай курорттық аймағына ұйымдастырылған пресс-туры барысындағы әсерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Халид әл-Мутайри Қазақстанға сапары аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысқаны туралы қысқаша айтып өтті.

Өз кезегінде Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Азамат Бердібай Халид әл-Мутайриге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2014 жылдан бері өткізіп келе жатқан жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына қатысып, Қазақстанның дамуының өзекті үрдістеріне, оның бай табиғи туристік әлеуеті мен мәдени мұрасына, инвестициялық және инвестициялық ресурстарына шет елдерде қызығушылықтың одан әрі өсуіне оң ықпал еткені үшін алғысын білдірді.

Халид әл-Мутайри өз кезегінде Қазақстан Елшісіне араб тілінде басып шығарылған Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті туралы кітапты табыс етті, сондай-ақ Қазақстан мен Кувейттің туристік әлеуетін нығайту және оны дамыту жөніндегі өзінің жоспарларымен және ұсыныстарымен бөлісті.