Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің 41-ші саммиті барысында «Әл-Ула Декларациясына» қол қойылуын құптаймыз.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр және Қатар Мемлекеті арасындағы қатынастардың жақсаруы осы елдердің бауырлас бірлігінің нығаюына және өңірдің одан әрі өркендеуіне қызмет етеді.

Бұл қадам 2016 жылғы ИЫҰ-ның Ыстанбұлдағы саммитінде Қазақстан ұсынған Исламдық татуласу үрдісінің идеясына сай келеді.

Таяу Шығыс өңіріндегі барлық елдермен әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға дайындығымызды білдіреміз.