«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму Агенттігі» Акционерлі қоғамы құрылды

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму Агенттігі» Акционерлі қоғамы құрылды

Мемлекеттің 100% қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бағынысты ұйым түріндегі «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму Агенттігі» Акционерлік қоғамы құрылды.

Аталмыш құрылым ұлттық дамуға ресми көмек жүйесін іс жүзінде институцияландыруға және жүйелендіруге мүмкіндік бермек.

Қазіргі таңда аталған Агенттікті Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеу, оның Жарғысы мен ұйымдастырушылық құрылымын бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.

«KazAID» Агенттігінің қызметі бастапқы кезеңде бірқатар ірі донор ұйымдар - «MASHAV»-пен (Израиль), USAID-пен (АҚШ), GIZ-пен (Германия), AFD-мен (Франция), TIKA-мен (Түркия), JAICA-мен (Жапония), KOICA-мен (Оңтүстік Корея) және т.б. ынтымақтастық туралы тиісті екі және көпжақты келісімдер жасасу арқылы өзара іс-қимылды жолға қоюға бағытталатын болады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет елдердегі мекемелерінің ұсыныстары негізінде Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне Халыққа қызмет көрсету және Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын құруды, «Электронды Үкімет» жүйесін енгізуді, су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қолданыстағы сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғыртуды, бірқатар салаларда біліктілікті арттыруды және т.б. көздейтін 13 дамуға ресми көмек жобаларының тізбесі әзірленді.