Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Азамат Бердібай «Баян» сарайында Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахқа Сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Азамат Бердібай «Баян» сарайында Кувейт Әмірі шейх  Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахқа Сенім грамоталарын тапсырды

2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Бердібай «Баян» сарайында Кувейт Әмірі шейх  Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахқа Сенім грамоталарын тапсырды. 

Аталған рәсімнен кейін орын алған сұхбат барысында Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен достық тілектерін жеткізіп, Қазақстан Кувейтпен ынтымақтастықты арттыруға үлкен мән беретінін айтты.

Қазақстандық дипломат Жоғары Мәртебелі Кувейт Әмірін еліміздің өзекті сыртқы саяси және экономикалық бастамаларымен таныстырып, екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайту үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Кувейт Әмірі мемлекетіміздің жетістіктерін жоғары бағалап, одан әрі өркендеу мен табыс тіледі. Сондай-ақ, өз елінің Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделілігін білдірді.