Баспасөз - релизі

Баспасөз - релизі

2020 жылғы 23 қараша - Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі А.Бердібай Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрінің Азия істері жөніндегі орынбасары Али Сулеман аль-Саид мырзамен кездесу өткізді.

Сұхбаттасушылар саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты талқылады.

Тараптар достық, сыйластық және өзара тиімділік принциптеріне негізделген екіжақты ынтымақтастықты мақсатты түрде кеңейтуге және тереңдетуге ниеттерін растады.